[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

01.02.2023

Су тұрғындары оттегінің жетіспеушілігін сезінеді, бұл қырылуына әкелуі мүмкін


Су тұрғындары оттегінің жетіспеушілігін сезінеді, бұл қырылуына әкелуі мүмкін. Оларды құтқару үшін аэрация жүргізіледі – суды оттегімен қанықтыру. Лобаново көлінде «Көкшетау» МҰТП РММ Шалқар филиалының қызметкерлерімен 2023 жылға арналған биотехникалық іс-шаралар жоспарына сәйкес аэрациялық жұмыстар жүргізілуде. Мұзойықтар кесіледі, тесіктер бұрғыланады, суды оттегімен қанықтыру өнімділігі сағатына 75 м3 суды құрайтын ДДН-75 аспалы сорғысы бар МТЗ-82 тракторының көмегімен жүзеге асырылады.