[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]
"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"
02.02.2023

Ғылыми-техникалық кеңестің Онлайн отырысы
2023 жылғы 2 ақпан күні ғылым және экологиялық мониторинг бөлімімен «Көкшетау» МҰТП РММ ғылыми-техникалық кеңестің онлайн отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
- 2021 – 2025 жылдарға «Көкшетау» МҰТП РММ ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының жауапты орындаушылардың өзгерісі.
- «Көкшетау» МҰТП РММ аумағында ғылыми зерттеулерді өткізуде бейінді ұйымдармен әріптестік.
Ғылым және экологиялық мониторинг бөлімінің сапалы құрамына сәйкес 2021-2025 жылдарға «Көкшетау» МҰТП РММ ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының жауапты орындаушыларды өзгерту шешімі қабылданды.
Екінші сұрақ бойынша: «Көкшетау» МҰТП РММ аумағында ғылыми зерттеулерді өткізуде бейінді ұйымдармен және университеттермен әріптестікті жасау.