[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

04.05.2023

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, биологиялық және ландшафттық әралуандылықты сақтау

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, биологиялық және ландшафттық әралуандылықты сақтау, табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда бірегей табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекемесі мәртебесімен ерекше қорғалатын табиғи аумақ.    

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар әлемі  өте бай. Омыртқалы жануарлар фаунасының  298 түрі бар, оның ішінде 219 құстар түрі. Қызыл кітапқа енгізілген және сирек кездесетін: сүтқоректілердің 1 түрі (орман сусары) және құстардың 20 түрі (Қызылжемсаулы қарашақаз, сыбырлақ-аққу, сұңқылдақ-аққу, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, балабан, сапсан, таз тырна, ақбас тырна, безгелдек, үкі және т.б.).

Жануарлар әлемі мұнда әртүрлі ендіктер өкілдерінің сирек бірге тұруын білдіреді. Сібір тайга жануарларының кәдімгі түрлері (бұғы, сілеусін, сібір елігі, тиын, түлкі, асыл бұғы, орман сусары, ақ қоян, ақкіс)  оңтүстік дала мен шөлейт тұрғындарымен көршілес болып тұрады (қарсақ, зорман, ор қоян, сасық күзен, байбақ). Саңырау құр, ақкіс, борсық, орман тышқан, кәдімгі жертесер де кездеседі. Өзендерде, көлдерде және батпақ кешендерде су егеуқұйрық және су тышқаны мекендейді.

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көлдері балық қорларына бай. МҰТП ихтиофаунасы 19 түрімен келтірілген. Шортан, торта, алабұға, бозша мөңке, мөңке балық, тұқы сияқты кең тараған түрлері жиі кездеседі.Жалпы айтқанда ихтиофаунаның  жағдайы қолайлы және жеммен қамтамасыз ету жағынан және жыртқыш- құрбан қатынасында тепе-теңдікте болып тұр.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес ЕҚТА аң аулауға тыйым салынған.

Әкімшілік кодексі бойынша айыппұлдар:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулау ережелерін және жануарлар әлемін пайдалану талаптарын бұзған жеке тұлғалар үшін 70 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін  — 110 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 1000 құрайды немесе әкімшілік құқық бұзушылық қаруды және (немесе) заттарды тәркілеумен екі жылға дейін аң аулау құқығынан айыру.

Балық аулау ережелерін, осымен бірге балық қорларын және басқа су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру ережелерін бұзған жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК құрайды.

Қылмыстық кодексі бойынша жарылғыш құрылғылардың немесе жануарларды жаппай жою құралдардың қолданылуымен, осылай сияқты авиа-, авто-, мотокөліктік құралдарды, оның ішінде қаржүргіш техникасын немесе шағын кемелерді қолдануымен; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бірнеше рет немесе қомақты залал келтіруімен жасалған заңсыз аң аулау —  бес мың айлық есептік көрсеткіштерге дейін немесе осындай мөлшердегі түзету жұмыстарымен, немесе бір мың екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру, немесе бес жылға дейінгі мерзімге бостандықты шектеу, немесе белгілі бір лауазымдарда болу немесе мүлікті тәркілеумен үш жылға дейін белгілі бір әрекетпен айналысуға құқығынан айыру және аталған мерзімге бас бостандығынан айыру. 

Қылмыстық топпен немесе аса ірі залал келтірумен жасалған заңсыз аң аулау – мүлікті тәркілеумен бес жылға дейін белгілі бір әрекетпен айналысуға немесе белгілі бір лауазымдарда болу құқығынан айырумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланады.

«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің 27.02.2015 жылғы №18-03/158 бұйрығына сәйкес бұлан үшін залал – 500 АЕК; қабан, елік – 250 АЕК; бұғы – 200 АЕК; борсық – 10 АЕК; түлкі, қоян, қаз, құр, үйрек, қасқалдақ – 5 АЕК, тұқы және шортан –  1 кг үшін 1,3 АЕК, алабұға, торта, мөңке 1 кг үшін 0,4 АЕК, сиг балығы үшін – 1,2 АЕК құрайды. Бірақ Жануарлар әлемін пайдалану және молықтыру, қорғау саласында ҚР заңнамасына бұзушылықпен келтірілген залал мөлшерін анықтау әдістемесі бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар әлемі объектілерін заңсыз өндіріп алуы 3 коэффициентіне көбейтіледі.

Табиғатты қорғайық!  Табиғат қорғау заңнамасын бұзбаңыз!

Құрметпен,
Кубышева Назира Нурлановна
«Көкшетау» МҰТП баспасөз хатшысы
8-777-954-24-49