[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

12.07.2023

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті тұрғындар! Ауа температурасының көтерілуіне және ұлттық парктің аумағында өрт қаупінің жоғары санатына байланысты ормандарға баруға тыйым салынады!

Сізден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз: от жағу үшін қаралмаған жерлерде от жағуға болмайды, орманда тез тұтанатын заттарды қалдырмаңыз. Сақ болыңыз, табиғатқа түсіністікпен қараңыз. Орман өрті барлық тіршілік иелері үшін қайтымсыз апат. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұлғалар ҚР  қолданыстағы заңнамаға сәйкес  әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.ЕҚТА аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 100-ден 1500 АЕК-ке дейін болады.

Өрттің және басқа табиғат қорғау заңнама бұзушылықтарының анықталуы немесе пайда болуы жағдайда Сізді «Көкшетау» МҰТП РММ 8(7162) 26-95-50, 26-94-54 (ішкі 110, 115) телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.