РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Саябақтың бір байлығы — оның жабайы табиғаты.
«Көкшетау» МҰТП жануарлар және өсімдіктер әлеміне өте бай және әртүрлі. Омыртқалы жануарлардың фаунасы 298 түрді құрайды. Жануарлар әлемі түрлі ендіктегі өкілдермен бірге сирек тұрады. Сібір тайгасының типтік түрлері (бұлан, сілеусін, орман сусары, ақкіс) оңтүстік дала және жартылай шөлді мекендеушілермен қарсақ, сұр қоян, дала күзендерімен көршілес тұрады. Сонымен қатар мұнда құр, ақкіс, борсық, дала тұшқаны, кәдімгі елік кездеседі. Өзендер мен көлдерде және тоғандарда су егеуқұйрығы, су андатрасы мекендейді.
Жануарлар дүниесін күзету бойынша мемелекеттік инспектордың негізгі қызметі жануарлар әлемін сақтауға және молайтуға бағытталған биологиялық әртүрлілікті және олардың мекендеу ортасын, сонымен қатар табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтармен күрес және алдын алу.
2023 жылы жазғы кезеңде «Көкшетау» ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары қыс мезгілінде жабайы жануарларды қоректендіру үшін 18 жаңа азықтандырғыш, 35 сортаң дайындап, орнатты, 26 азықтандырғыш жөнделді, құстарға арналған 3 азықтандыру алаңы, 4 малтатас орнатылды. Жемшөп дайындалды: 277,7 тонна шөп, 319312 дана сыпыртқы, 47,3 тонна астық қалдықтары, 2,1 тонна тұз сатып алынды.