[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

22.12.2023

2023 жылдың 21 желтоқсан күні

2023 жылдың 21 желтоқсан күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Нұрғанатұлы Құтпанбаев орман өртін алдын алу жүйесінің жұмысымен және монтажымен танысу мақсатымен ұлттық паркінін аумағында көшпелі отырыс өткізіп, бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар филиалдардың мемлекеттік инспекторларына өртке қарсы және патрульдік көліктердің кілтін табыстап, жұмыста толағай табыстар тіледі. Биыл «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің материалдық техникалық базасы «КАМАЗ» базасында 1 дана өрт сөндіру автоцистернасы, 4 бірлік шағын орман өрт сөндіру кешені және 4 бірлік патрульдік автокөлік толықтырылды. Жалпы сомасы 236055000 мың теңге құрайды, оның ішінде 35195000 мың тенге өз қаражаты есебінен.