[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

25.01.2024

Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы

2024 жылғы 23 қаңтар күні Түркістан облысы Шымкент қ. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің 2023-2024 оқу жылының оқу жоспары мн академиялық күнтізбесіне сәйкес “Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы” Жоғары мектебінің 6В01560-География БББ 4-курс студенттері оқу (маршрутты-зонааралық (алыс)) практикасы шеңберінде биология және география кафедрасының аға оқытушысы А. Ибраимованың жетекшілігімен ұлттық парктің қызметі мен ерекшелігімен танысуға келді. Ұлттық парк қызметкерлері студенттерге ЕҚТА аумағында өсетін Қызыл кітапқа енген өсімдіктер және олардың гербариін көрсетті, қысқы кезенде жабайы жануарларды қоректендіру, табиғат ескерткіштері туралы дәріс оқыды және қойылған сұрақтарына жауап берді.