[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

№ 38 «Зеренді көлі» ТУРИСТІК МАРШРУТЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

  1. Негізгі географиялық пункттердің атауы: «Восточная» демалыс базасы – «Айзере» демалыс базасы – «Лагуна» демалыс базасы – «Восточная» демалыс базасы.
  2. Қозғалыс түрі бойыншасулы
  3. Маршрут ұзақтығы: 4,8 км, ұзақтығы 2 сағат 30 мин, аялдамаларды ескере отырып.
  4. Су маршрутының қысқаша мінездемесі (сипаттамасы):

Маршрут  «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалы аумағы бойынша өтеді. Ескекті қайықтармен қозғалыс Зеренді көлінің шығыс жағындағы «Восточная» демалыс базасынан «Айзере» демалыс базасына дейін басталады.

Зеренді көлі Зеренді тауының солтүстік-шығыс беткейлерінің жанында орналасқан,Зеренді көлінің максималды тереңдігі 8,5 м құрайды, орташа тереңдігі – 1.8 м. Теңіз деңгейінен оның үстінің абсолютты белгісі 370,4 м құрайды. Көл ұзындығы – 5,3 км,  ені – 3,4 м, көп жылғы кезеңге айнасының максималды алаңы орташа алғанда – 10км², жағалау желісінің ұзындығы – 21,3км. Көл үсті барлық жерде ашық, тек батыс бөлігінде ені 100-150 м қамыс өсіп кеткен.

«Айзере» демалыс базасында қысқа мерзімді демалыс қарастырылған, көлге түсіпғ күн көзіне қыздырынуға болады. 

Демалғаннан кейін топ Зеренді көлінің бойымен кері бағытта жүреді.

Маршрут «Восточная» демалыс базасында аяқталады. 

5. Маршрут сызбасы

 

6. Шартты белгілер: