[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

№44 «Күн жағы» ТУРИСТІК МАРШРУТЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

  1. Негізгі географиялық пункттердің атауы: Визит-орталық – «Смольная» шоқысы – Визит-орталық.
  2. Қозғалыс түрі бойынша велосипедтік
  3. Маршрут ұзақтығы: 4 км екі жаққа да, ұзақтығы 60 мин, аялдамаларды ескере отырып.
  4. Соқпақтың қысқаша мінездемесі (сипаттамасы):

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалы аумағы бойынша өтеді. Қозғалыс Визит-орталықтан оңтүстік бағытқа қарай басталады. Жүру кезінде шаңғы роллерліктрассаға қарай шығамыз, кейін оңтүстік бағытта жолды жалғастырамыз.

Соқпақ аралас орман (қарағай, терек, қайың) арасымен өтеді. 0,6 км кейін көбелектер мұражайына келеміз. Мұражайда көбелектердің үш мыңнан астам түрі бар. Бұл жерде туристер демалып, коллекциямен таныса алады. Кейін «Смольная» шоқысы соңғы жолға жақындаймыз.

Бұл шоқының биіктігі теңіз деңгейінен 420 м құрайды. Шоқыға шыққаннан кейін, сіздер «Зеренді» көлінің әсем табиғатын тамашалай аласыздар. Зеренді көлі Зеренді тауының солтүстік-шығыс беткейлерінің жанында орналасқан,Зеренді көлінің максималды тереңдігі 8,5 м құрайды, орташа тереңдігі – 1.8 м. Теңіз деңгейінен оның үстінің абсолютты белгісі 370,4 м құрайды. Көл ұзындығы – 5,3 км,  ені – 3,4 м, көп жылғы кезеңге айнасының максималды алаңы орташа алғанда – 10км², жағалау желісінің ұзындығы – 21,3км. Көл үсті барлық жерде ашық, тек батыс бөлігінде ені 100-150 м қамыс өсіп кеткен.  Және де «Зеленый мыс» жартылай аралына тамаша көрініс ашылады. Жақын маңдар «Медведка» шоқысы орналасқан.

  1. Жолдың сызбасы.

  1. Шартты белгілер: