[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

«Қостау» шоқысы туристік соқпағы

 

  1. Соқпақ жібі: «Тұрпан» демалыс базасы – Айыртаучик өзені – «Қостау» шоқысы — «Тұрпан» демалыс базасы.
  2. Қашықтығы: екі жаққа 13 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 6 сағат 20 минут.
  3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Шалқар көлінің жағалауында орналасқан «Тұрпан» демалыс базасынан басталады. Айыртаучик көліне дейінгі негізгі қозғалыс қарағайлы және қайыңды шоқ ормандар арқылы орманды және сүрлеу жолдары, орман алаңқайымен, кейде асфальтталған жол арқылы өтеді. Айыртаучик көлінен соқпақ «Қостау» шоқысы жақтағы беткейге шығады.

«Қостау» шоқысы 300 метр биіктікте айырылатын екі шоқыдан тұрады, соқпақтың соңғы нүктесіне дейін беткей қашықтығы – 500 метр. Соқпақтың шыңында байқау алаңы орналасқан. Бұл жерден Шалқар филиалының барлық дерлік аумағын көруге болады: әр түрлі биіктіктегі көптеген шоқылар, көптеген көлдер, сонымен қатар аудан орталығы – Саумалкөл ауылы.

«Қостау» шоқысының атауының шығу тарихы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. «Ертеде біздің жерімізге мыңдаған жаулар шабуыл жасаған. Оларға екі ағайынды –батырлар  қарсы тұрады. Қос батыр күні-түні шайқасады. Біртіндеп жаулар қаша бастайды. Бірақ ағайынды батырлар қатты жарақат алып, мерт болады да екеуі екі шоқыға айналады. Ағаларын жоқтаған қарындастарының көз жасы ащы көлге айналады. Ақсақалдардың айтуы бойынша, қанша дұшпан өлсе, сонша ағаш өсіп шыққан. Олардан аққан қан жидектерге айналған».

Орман алқабында  жабайы фаунаның ұсақ түрлері де кездеседі: түлкі мен қоян, борсық пен тиін, құр мен шіл. Тұяқтылардан  бұғы мен елік, кей жағдайда бұланды да кездестіруге болады. Бұл жер орман жидектеріне (жидек, құлпынай, тас шие), саңырауқұлақтарға (жеуге жарамды саңырауқұлақ, майқұлақ, ақ саңырауқұлақ, терек құлақ, қайың құлақ) тұнып тұр.