РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Көкшетау» МҰТП РММ ғылыми – зерттеу жұмыстары
03.05.2023 жылғы «Көкшетау» МҰТП ғылыми бөлімнің ақпараты
Қар жамылғысының еруімен табиғаттың ояну уақыты басталады.
Соңғы қар сәуір айының соңында еріп, алғашқы қысқа жаңбыр 23 сәуір күні жауды, күндіз ауа температурасы 12-230 С жылуға дейін жетеді, түнде ауа температурасы нөлден төмен — 3, — 5 0С аязға дейін жетеді. Жалпы, көктемнің келуін — ерте көктем, ауа-райы жылы, желі аз ретінде сипаттауға болады.
Табиғатта көктем ағаштар мен бұталарда шырын ағынының басталуымен өз күшіне енеді. Басқа өсімдіктерге қарағанда, наурыз айының басында, Үшкір жапырақты үйеңкінің көктемгі шырын ағыны басталады. Сәл кейінірек Қайыңдағы шырынның қозғалысы байқалады, ағаштардағы бүршіктер де ісінуі пайда болады. Мамыр айының басында өсімдіктерді жаппай көгалдандырудың басталуы байқауға болады.
Кейбір ерте гүлдейтін шөпті өсімдіктердің өміріндегі ең қызықты ерекшелігі – олардың қар астында өсуі. Сарғылт кестежусан, Ашық кестежусан (Pulsatilla flavescens), Көктемгі жанаргүл (Adonis vernalis), (өсімдіктердің суреттерәі қоса беріледі) сияқты өсімдіктер, Бәйшешек аталатын гүлдер қысқы уақытта қар астында әлі өсіп тұрады. Олардың көбі көктемде қар астынан жасыл жапырақтармен және бүршіктермен шыға бастайды және өте жиі қардың ерігеніне дейін гүлдей бастайды. Сондықтан бұл өсімдіктерді бәйшешек деп атайды.
«Көкшетау» ұлттық паркта бұл өсімдіктер Қызыл кітапқа енгізілген және Қазақстан Республикасы мемлекетінің қорғауында болады.
Парктің ғылыми қызметкерлері табиғи аумақтарды зерттейді, бақылау, өсімдіктердің есебін, фено-фазалардың сипаттауын жүргізеді, Гербарийді жинайды және т.б.Арықбалық филиалының питомнигінде кесу әдісімен реликті, сирек кездесетін Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік отырғызылды — Ем Арша (Juniperus sabina L.). Аталған ғылыми-зерттеу қызметі атқарылған жұмыс туралы аралық есептерді берумен жыл сайын жүргізіледі.
Сонымен қатар, парк аумағында кәдімгі қарағай екпе көшеттерінің отырғызылуы жасалды, эко-сенбіліктер жүргізіледі, қазіргі уақытта осындай экологиялық акциялар «Көкшетау» ұлттық паркінде жыл сайын өткізіледі.
2016-2020 жылдарға «Көкшетау» МҰТП РММ Ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына сәйкес, келесі тақырыптар бойынша зерттеу жүргізілуде:
- «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша «Көкшетау» МҰТП табиғат процесстерін және құбылыстарын тіркеу.
«Табиғат жылнамасын» құру бойынша ақпарат жинау негізгі жұмыс ғылыми бөліммен орындалады. Ақпарат жинауда күзет қызметі міндетті түрде қатысады (негізінен Табиғат күнтізбесін жасау бөлімінде) және мүмкіндігінше «Көкшетау» МҰТП қалған қызметкерлері. «Табиғат жылнамасы» шеңберінде жиналған ақпаратты өңдеу және талдау ғылыми бөлім қызметкерлерімен жүргізіледі. Нәтижесі «Табиғат жылнамасы» жыл сайынғы том түрінде әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделеді.
- «Көкшетау» МҰТП РММ қарағай екпелерінің фитопатологиялық жағдайының мониторингі және олардың флористикалық сипаттамасы.
2017 жылдың тамыз айында «Көкшетау» МҰТП РММ ғылыми қызметкерлермен ОШКазҒЗИ қызметкерлерімен бірге қарағай екпелері зерттелді және «Көкшетау» МҰТП РММ-нің қарағай екперінде уақытша сынақ алаңдары салынған.
Анатомия-морфологиялық зерттеу барысында «Көкшетау» МҰТП төрт филиалындағы 20 сынақ алаңдарында қарағайлы орман ағаштарының аурумен зақымдалғандықтары анықталған. Сынақ алаңдары орташа және өсіп үлгеретін, орманды жаңа қарағайлы орман түрлеріне — (С3), ағаштың осы түрі «Көкшетау» МҰТП-нің басым.
МҰТП аумағы далалы табиғи аймақта және орманды – өсімдік аудандастыру бойынша Көкшетау-Моншақты жоталы таулар қатарына кіретін ауданға жатқызылатындықтан далалы-таулы, аралды және тау етегіндегі-жазық қарағай және қайың ормандары аймақтарында орналасқан.
Сондай-ақ 2019 жылы ҚР БҒМ ҒК Фитоинтродукция ботаника институты» ШЖҚ РМК Астана ботаникалық бағының қызметкерлерімен бірге сирек кездесетін өсімдіктер мен жойылып бара жатқан өсімдіктердің таралуын және қазіргі жай-күйін зерттеу бойынша алғашқы зерттеулер жүргізілді. Зеренді, Шалқар филиалында және «Орманды бұлақ» филиалында ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктердің 11 түрі зерттелді.
2020 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ қарағайлы екпелерінде фитопатологиялық жағдайдың мониторингі және олардың флористикалық сипаттамасы тақырыбы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне есеп беріледі.
2021-2025 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және бекіту жоспарлануда.
«Фитоинтродукция ботаника институты» ШЖҚ РМК Астана ботаникалық бағы қызметкерлерімен бірге сирек кездесетін өсімдіктер мен жойылып бара жатқан өсімдіктердің таралуын және қазіргі жай-күйін зерттеу жұмыстары жалғастырылады.