"Көкшетау" "Мемлекеттік ұлттық табиғи парк" РММ
«Көкшетау» МҰТП РММ ғылыми – зерттеу жұмыстары
2016-2020 жылдарға «Көкшетау» МҰТП РММ Ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына сәйкес, келесі тақырыптар бойынша зерттеу жүргізілуде:
- «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша «Көкшетау» МҰТП табиғат процесстерін және құбылыстарын тіркеу.
«Табиғат жылнамасын» құру бойынша ақпарат жинау негізгі жұмыс ғылыми бөліммен орындалады. Ақпарат жинауда күзет қызметі міндетті түрде қатысады (негізінен Табиғат күнтізбесін жасау бөлімінде) және мүмкіндігінше «Көкшетау» МҰТП қалған қызметкерлері. «Табиғат жылнамасы» шеңберінде жиналған ақпаратты өңдеу және талдау ғылыми бөлім қызметкерлерімен жүргізіледі. Нәтижесі «Табиғат жылнамасы» жыл сайынғы том түрінде әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделеді.
- «Көкшетау» МҰТП РММ қарағай екпелерінің фитопатологиялық жағдайының мониторингі және олардың флористикалық сипаттамасы.
2017 жылдың тамыз айында «Көкшетау» МҰТП РММ ғылыми қызметкерлермен ОШКазҒЗИ қызметкерлерімен бірге қарағай екпелері зерттелді және «Көкшетау» МҰТП РММ-нің қарағай екперінде уақытша сынақ алаңдары салынған.
Анатомия-морфологиялық зерттеу барысында «Көкшетау» МҰТП төрт филиалындағы 20 сынақ алаңдарында қарағайлы орман ағаштарының аурумен зақымдалғандықтары анықталған. Сынақ алаңдары орташа және өсіп үлгеретін, орманды жаңа қарағайлы орман түрлеріне – (С3), ағаштың осы түрі «Көкшетау» МҰТП-нің басым.
МҰТП аумағы далалы табиғи аймақта және орманды – өсімдік аудандастыру бойынша Көкшетау-Моншақты жоталы таулар қатарына кіретін ауданға жатқызылатындықтан далалы-таулы, аралды және тау етегіндегі-жазық қарағай және қайың ормандары аймақтарында орналасқан.
Сондай-ақ 2019 жылы ҚР БҒМ ҒК Фитоинтродукция ботаника институты» ШЖҚ РМК Астана ботаникалық бағының қызметкерлерімен бірге сирек кездесетін өсімдіктер мен жойылып бара жатқан өсімдіктердің таралуын және қазіргі жай-күйін зерттеу бойынша алғашқы зерттеулер жүргізілді. Зеренді, Шалқар филиалында және «Орманды бұлақ» филиалында ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктердің 11 түрі зерттелді.
2020 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ қарағайлы екпелерінде фитопатологиялық жағдайдың мониторингі және олардың флористикалық сипаттамасы тақырыбы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне есеп беріледі.
2021-2025 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және бекіту жоспарлануда.
«Фитоинтродукция ботаника институты» ШЖҚ РМК Астана ботаникалық бағы қызметкерлерімен бірге сирек кездесетін өсімдіктер мен жойылып бара жатқан өсімдіктердің таралуын және қазіргі жай-күйін зерттеу жұмыстары жалғастырылады.