РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Айдаһар үңгірі»туристік соқпағы
- Соқпақ жібі: «Мостовой» кордоны- «Қарсақ» археологиялық ескерткіші – «Өмір суы» сарқырамасы – «Айдаһар үңгірі».
- Қашықтығы: 38 км екі жаққа, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 35 сағат
- Қозғалыс түрі жаяу
- Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:
Соқпақ «Орманды бұлақ» филиалының аумағында өтеді. Туристік соқпақтың қозғалысы «Мостовой» кордонынан солтүстік бағытта шоқ орман арасында тас жолдан басталады.
2 сағат өткеннен кейін соқпақ туристтерді қола дәуірінің «Қарсақ» қонысы мен зираттар археологиялық ескерткішіне әкеледі. «Қарсақ» қонысы Шағалалы өзенінің сол жақ жағасында 1000 шаршы км жерді алып жатыр. Бұл жерде орналасуы, формасы және өлшемі сан алуан 18 тұрғын ойпаттардан құрылған шағын топ анықталған. Қазба жұмыстарды жүргізген кезде 20-105 м тереңдікте заттар табылды. Табылған заттар арасында керамика бұйымдардың сынықтары, тастан жасалған қару-жарақ бөлшегі, анықталмаған қола бөліктері, құмыра және көптеген жануарлар сүйектері бар. Ескерткіш б.з.д ІІ мыңжылдықтың ортасында Орталық Қазақстанда тұрған қола дәуірінің алакөл тайпаларынан қалуы мүмкін.
«Қарсақ» зираттары Шағалалы өзенінің сол жақ жағасындағы тегіс жерде орналасқан. Зираттар дөңгелек пішінді әр түрлі диаметрлі, жан –жағы тастармен қоршалған. Қарсақ зираттарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде осы қоныста өмір сүрген тұрғындардың ежелгі жерлеу орындары табылған.
«Қарсақ» қонысы және зираттардан кейін қозғалыс оңтүстік бағытта тас жолмен «Өмір суы» сарқырамасына қарай жалғасады.
Бір сағат аралығында туристер сарқырамаға жетеді. Бұл әдемі, таңғажайып жер итмұрын және шие бұталарымен жамылған жартастар арасында ағып өтетін Шағалалы өзенінде орналасқан. «Өмір суы» сарқырамасы ағатын жерде өзеннің жағасы тік құламалы, биік және тасты болып келеді. Көктемде қар еріген кезде су деңгейі көтеріліп, шумен көп мөлшерде ағады. Сарқырама тек көктемде ғана ағып, жазда сарқырама орнында кішкентай бұлақ ағады. Осында 1,5 сағаттық тамақтану және демалу үшін аялдама қарастырылған.
Ары қарай қозғалыс оңтүстік бағытта Үлгілі ауылына қарай далалы және орманды жолдармен жалғасады. 1,5 сағат уақыттан соң топ шағын орман алаңында демалу үшін тоқтайды.
Орман аланынаң кейін соқпақ ары қарай тағы да орманды жермен өтеді. Жолда итмұрын, шие сияқты бұталар кездеседі. Жаз мезгілінің ортасында піскен шие жидектерінен дәм татуға және әр түрлі саңырауқұлақтарды теруге болады. Орманда тиінді кездестіруге болады. Ары қарай дала алаңында демалу үшін аялдама жасады.
Соқпақтың соңғы нүктесі Үлгілі ауылына жақын жерде (ауылдан шығысқа қарай 1 км)
Бұл жерде туристтер палаткалар құрып, түнейді. Туристердің «Мостовой» кордонына оралуы екінші күні жүріп өткен жолмен жүзеге асады.