[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

«Қашқын» шоқысы туристік соқпағы

 

  1. Соқпақ жібі: Орман алаңы – «Қабан» бұлағы – «Шиелі» шоқысы – «Қашқын» –«Тасбақа», Австрия қабырға шоқылары – «Қабан» бұлағы – Орман алаңы.
  2. Қашықтығы: екі жаққа 8 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 3сағат 40 минут.
  3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Қозғалыс «Сұңқар» сауықтыру кешені орман алаңқайынан орман жолы бойымен қайыңды тоғай мен жас қарағайлы орманды бойлай «Кабаний» бұлағының жанынан «Шиелі» шоқысына дейін жалғасады. Орман алаңқайының ортасындағы бұл кішігірім шоқы тобылғы және шие бұталары арасында орналасқан.

«Шиелі» шоқысынан 1,5 км арақашықтықта «Қашқын» шоқысы орналасқан. Бұл шоқының теңіз бойынан ұзындығы 560 м құрайды. «Қашқын» шоқының шыңынан орман алқабын, Зеренді көлін, «Көк мүйіс» жартылай аралын және «Аю» шоқысын тамашалауға болады, «Аю» шоқысының теңіз бойынан ұзындығы 687 м құрайды

«Қашқын» шоқысынан түскен соң ұзындығы 19 шақырым «Австриялық қабырға» тасына келеміз. Ол 1914-1917 ж.ж. тұтқындағы австриялықтармен салынған. Ол мемлекеттік және шіркеулік ормандық алқаптарын бөліп тұрған. Әрі қарай «Тоқылдақ асханасына»  келеміз, бұл жарылған қарағай ағашы – қарағай бүршігін азық ретінде пайдаланған тоқылдақтың мекені, әрі қарай танк пішініне ұқсас тас үйінділерін кездестіреміз, содан соң «Тасбақа» ландшафты табиғат ескерткіші көрінеді, бұл жерде  тасбақаның сауыты мен басын анық байқауға болады.

Содан соң соқпақ «Қабан» бұлағынан өтеміз, бұл жерде қырықбуын мен қырыққұлақ мол өсіп тұр, ол жерден көпір арқылы өтіп орман соқпағына шығамыз. 800 метрден кейін соқпақ бастапқы, орман алаңы нүктесіне алып келеді.