РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Аю» шоқысы туристік соқпағы
- Соқпақ жібі: Орман алаңы – «Қабан» бұлағы – «Қасиетті» бұлағы — «Жасартатын» бұлағы –«Бұлбұл» шағын орманы – «Қабан» бұлағы – «Аю» шоқысы — Орман алаңы.
- Қашықтығы: екі жаққа 8 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 4 сағат 20 минут.
- Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:
Соқпақ «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Сапар желісі оңтүстік-батыс автожолындағы қарағайлы орманда орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешені бойындағы орман алаңынан басталып «Қабан» бұлағына дейін және «Қасиетті» бұлағының жанынан қылқанды және жапырақты орман шекарасымен бойымен жалғасады. Бұл таң қалдыратын ерекше дәмі бар қасиетті қайнар бұлақ, жыл бойы істеп тұрады. Күштілігі сондай, бұлақ түбінде қайнап жатқан құм, қыс мезгілінде су құбыры жарылғандай әсер береді.
Соқпақ мүкпен тығыз өсіп кеткен қарағайлы орман арқылы өтеді, содан соң «Бұлбұл» қайыңды шоқ орманына алып келеді. Осы жерде «Жасырын» бұлақ орналасқан, оның өзіне тән иісі мен түрі бар, жуынған кезде ләззат алып, бойыңа күш жиналған әсерге бөлесің.
Сапар желісі «Бұлбұл» шоқ орманын бойлай, «Жабайы» бұлағына тіреледі. Содан кейін «Аю» шоқысына көтерілу басталады. «Аю» шоқысы беткейінің ортасына қарай кішкене алаңқай бар, одан Зеренді көлін қоршап тұрған шоқылар мен далаға тамаша көрініс ашылады. Алаңқайдан тауға тік көтерілу қиындай түседі және осылайша «Аю» шоқысының шыңына шығамыз. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 687 метрді құрайды. Бұл жерден 30 метр қашықтықта Зерендінің кең байтақ алқабы керемет көрінеді. «Аю» шоқысы шыңынан бұл жердегі керемет Балқаш тауларын, Айдабол, Қарағайлы, Шамалды көлдерін, сфагнум батпағын тамашалауға болады.
Шоқының ең биік нүктесінде «Тасты торт» атты жартас сынығы орналасқан. Оның шетінде тастан қаланған және қырыққұлақпен қапталған «Ежелгі адам мекені» орналасқан. Оны – «Қарлы адам үйі» деп те атаған.