[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

Биотехникалық іс-шаралар

«Көкшетау» ұлттық парк фаунасын талдаған кезде есептегі жануарлардың байырғы түрінің мал басының өсуі мен  тұрақтылық санының беталысын көрсету қажет.

Тұяқтылар санының өсуі биотехникалық іс-шаралар шығынының өсуіне тікелей байланысты болып келеді, өйткені климаттық жағдай және жем қорының азаюы (қысқы мезгілде) оларды тамақтандыру алаңына және оттыққа жиналуына әкеледі, онда дайындалған шөп, сыпырғыштар және мүліктенген астық қалдықтары салынады.

Осындай жануарлардың, қарсақ, ақ кіс, дала суыры, кәдімгі  тиін, сонымен қатар ақ және сұр қоян саны популяция жағдайына оң және теріс әсер ететін көптеген факторларға байланысты. Осының себебінен олардың саны тұрақсыз, бірақ жалпы динамикасы өсуге әкеледі.

Ұсақ су қоймаларының шалшықтану сияқты қолайсыз фактор су маңындағы және суда жүзетін сүтқоректілер популяциясына (су егеуқұйрығына) және құстарға, жем қорының көбеюіне және ұя басуға арналған алаңдарға оң әсерін тигізеді.

Негізгі жағымсыз әсерді браконьерлер туғызады, бірақ соңғы жылдары жануарлар әлемін қорғауға жұмсалатын қаражаттың өсуіне және заңдылықтың күшеюіне байланысты браконьерлік айтарлықтай азайды.