[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

«Денрологиялық парк» туристік маршруты

  1. Маршрут жібі: Саумалкөл с. – «Дендрологиялық парк» – Ұсақ шоқылар- Саумалкөл с.
  2. Қашықтығы: екі жаққа 71,5 км, аялдаманы ескере отырғанда уақыт ұзақтығы 2 сағат 20 мин.
  3. Маршруттың қысқаша сипаттамасы:

Маршрут Айыртау филиалының аумағымен өтеді. Топ Саумалкөл селосында ұйымдастырылады. Жол бойы кездесетін Айыртау ауданының мәдени және тарихи жерлері, ғарышкерлерге арналған ескерткіш, табиғи бұлақ, орман ішіндегі түрлі жан-жануарлар мүсіндерін көріп, тамашалап,суретке түсуге болады. сондай-ақ «Көкшетау» МҰТП РММ Айыртау филиалының флора және фаунасы туралы шолу экскурсиясы өткізіледі.

     Айыртау филиалы аумағында, Сырымбет – Түкті орманшылығының солтүстік-батыс бөлігінде жүз жылдық тарихы бар дендрологиялық парк орналасқан.

    Дендрологиялық парк сүрек-бұталы тұқымдыларды енгізу жолдарымен, табиғи түрде түленген қайың шоқылары негізінде құрылған. Бірінші екпелер 1904-1905 жылдары отырғызылған.

Қазіргі таңда дендропарк аумағында 30-дан астам екпелер түрлері кездеседі. Олар:Қарағай, шырша, балқарағай, қайың. Көктерек , татар үйіңкісі, тал, шегіршін, бірнеше данада самырсын ағашының өскіндері өсіп жатыр.

Дендропарк аумағында таңқурай, қарақат, аюбадам, итмұрындық тағы да басқа өсімдік түрлерін кездестіруге болады.

Дендрологиялық парктен шыққаннан кейін туристер тобы жаяу соқпақпен қозғалады. Мұнда «Қолтырауын», «Пеш» атты ұсақ шақыларды кездестіруге болады.