[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

Экология-ағартушылық қызмет

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экология-ағартушылық қызмет ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 42 б. сәйкес келесі мақсаттарға сай жүзеге асырылады:

  • парктермен биологиялық әралуандықты сақтау қызметін орындауға қажетті жағдай ретінде табиғат қорғау ісі идеясына халықтың кең топтарымен бірге қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
  • экологиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, табиғат қорғаудың тек тыйым салу шараларына негізделген түрінің тиімділігі шамалы. Ұлттық парк аумағындағы жабайы табиғатты сақтаудың аса сенімді кепілі – табиғат қорғау қызметіне қоғамның нақты қолдау көрсетуі болып табылады.

«Көкшетау» МҰТП-не деген жиһангерлік қызығушылықтың тұрақты өсу жағдайында, яғни ағартушылық және түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізу МҰТП үшін төтенше маңыздылыққа ие болады. Экологиялық ағарту және тиісті штаттың болуы келушілермен қажетті қарым-қатынас атмосферасын құруда маңызды роль атқарады. Сондықтан экологиялық ағарту бағдарламаларына жауап беретін ЕҚТА қызметкерлері аумақтағы табиғат құбылыстары және табиғат объектілері жөнінде ақпаратты толық білулері қажет және де осы ақпаратты қызықты да тартымды етіп баяндап беруге машықтануға тиіс.

Келушілердің келгендеріне қуанышты екендеріңіз, барлық мүмкін ақпаратты айтуға және кез келген сұраққа жауап беруге әзір екендеріңіз жайлы ЕҚТА келулері туралы оларға бірден жақсы әсер қалыптастыру аса маңызды. Ұлттық парктегі ағартушылық қызметтің қарапайым ақпарат беруден айырмашылығы – бұл жай ғана деректерді тізіп беру емес, табиғат құбылыстарының өзара байланысын, маңызын, мәнін ашуға мүмкіндік беру және де табиғат қорғаудағы талпынуына ғана емес, сонымен қатар осындай жұмысты атқарудағы әкімшіліктің қызметін түсінікті етудегі талпынысындағы парктің мақсаттары мен міндеттерін түсінікті қылып жеткізуге мүмкіндік беру. Келушілер үшін ЕҚТА өз мүдделерін іске асыруда уақытты тиімді пайдалану және сапарларын жоспарлау үшін жалпы ақпарат маңызды. Парктегі ағымдағы жұмысты, табиғат тәртібін бұзбау үшін, өзге де келушілердің мазасын алмау үшін өзіңді қалай ұстау керек екендігі, паркте не рұқсат етілетіндігі, не рұқсат етілмейтіндігі туралы ақпаратты келушілер назарына жеткізу машық пен тәжірибені қажет етеді.

Қазіргі уақытта ұлттық паркте экология-ағртушылық іс-шаралар үшін негізінен жиһангерлік бағдарғылар және табиғат мұражайы қолданылады.

Экологиялық ағарту бойынша жұмыс жоспары.

  • Экология-ағартушылық жұмыстар, ұлттық парк аумағында мониторинг және насихат (ЖОО-ы мен мектептерде дәрістер, әңгімелесулер, кеңестер, табиғат мұражайына келушілерді қабылдау, БАҚ, теледидар және радио арқылы сөз сөйлеу);
  • Буклет өнімдерін шығару, фото және видеоматериалдар құру;
  • Мектеп орман өсірушілерінің филиалдардағы жұмысы;
  • «Жер күніне» арналған «Парктер маршы» атты экологиялық акция өткізу;
  • Бас дирекция қарамағындағы мұражай-кабинетті одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру («Көкшетау» МҰТП деректерді жинау және озық жетістіктер мониторингісі).