[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

«Имантау көлінің жағалауы»

 

  1. Соқпақ жібі: «Қарлығаш» БСО – «Боровушка» демалыс аймағы – «Қазандық» шоқысының етегі – «Буян» шатқалы, «Солнечный Вип» туристік кешені, «Диван-кереует» байқау алаңқайы – «Қарлығаш» БСО.
  2. Қашықтығы: 13 км екі бағытта, 5 сағат 40 минут уақыт, аялдамаларды қоса есептегенде барып қайтуға кетеді.
  3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП ММ Арықбалық бөлімшесінің жерінен Имантау көлінің оңтүстік-батыс жағалауынан өтеді. Имантау көлі Айыртау ауданының ең ірі және әсем көлдерінің бірі болып табылады. Көл шоқылардың ортасындағы ойпанда орналасқан және солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылыңқы келеді. Оңтүстік-батыс жағалауы тік, тақтатасты, аралас орманмен көмкерілген, қарағайы көбірек. Көл әр түрлі балықтарға бай: тұқы, шортан, алабұғы, табан балық, көкщұбар балық.

Топ қозғалысты «Қарлығаш» БСО оңтүстік-батысқа бетке алып «Боровушка» демалыс аймағына жүреді, құмды жағалаудан «Қазандық» шоқысының және кішірек шоқылардың әсем көріністері ашылады, қарағайлы орманмен көмкерілген шоқылар күннің көзінің әсерінен көкшіл бояуға боялады.

Демалу үшін орнатылған күркелерде қысқа мерзімдік демалыс  ұйымдастырамыз.

Ары қарай көлді жағалай жүріп «Қазандық» шоқысына жетеміз. Бұл Имантау көлінің жағасымен жалғасып жатқан ең биік жер. Оның биіктігі 621 метрді құрайды. Шоқының етегінде аралас орманмен қарағайлы орман түйіседі, оларды бөлу шекарасы атауы жоқ үлкен жылға болады.  Жылғаны өтіп кішігірім демалыс ұйымдастырамыз.

Кішігірім демалыстан соң көл жағасына түйісетін тік тасты шатқал арқылы қозғалысты жалғастырамыз. Бұл жерде соқпақ жол көне қарағайлардың көлеңкесінде жатқан, мүк басқан биік тастардың жанынан өтеді. Ойпаңды жерлерде және кішігірім шоқыларда көп мөлшерде әр-түрлі жидектер (қой бүлдірген, тас бүлдірген таң қурай) өседі. Сонымен қатар көптеген емдік өсімдіктер (шүйгіншөп, ит мұрын, тасшөп, жебіршөп, мия және т.б.). Саңырауқұлақшыларды мұнда саңырауқұлақтардың көптігі қуантады – майқұлақ, түлкешік, қайыңқұлақ  және т.б.

«Қазандық» шоқысының солтүстік беткейімен «Буян» шатқалына беттейміз. Шатқал көл жағасымен жалғасқан бұл жердің құмы ұсақ әрі алтын түсті ал суы мөлдір әрі терең. Бұл жерден Имантау көліндегі арал жақсы көрінеді – республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші. Оның аумағы 36 га құрайды. Бұл жерді өте сирек кездесетің бұта – арша өседі, ол жағалауды бойлай өсіп, аралға ерекше  әсемдік береді.  

Бұл жерде табиғаттың әсем көріністеріне сүйсініп, суретке түсуге болады, егер ауа райы жақсы болса көлге шомылу үшін ұзақ уақыттық демалыс ұйымдастырамыз. Шатқалдың жағалауын киім ауыстыратын орынмен, демалу үшін күрке және орындықтармен жабдықталған.

Демалып алған соң жағалауды бойлай солтүстік-батысқа қалың орманмен көмкерілген және «Қазандық» шоқысымен көршілес ұсақ шоқыларға қарай бағыт аламыз. Бұл жерлерде әр-түрлі тағы жанарларды кездестіруге болады. Бұлардың ірілері: қарақұйрық, бұлан, бұғы. Ұсақ жануарлар: түлкі, қоян, борсық, тиын, құр. Қамыстың арасында көптеген суда жүзетің құстар тіршілік етеді.

Қарағайлы орман жайлап аралас орманға ауысады. Қайындар жиі кездеседі. Егерде анықтап қарасақ бұл жерде қайыңның екі түрі өсетінің көреміз.

Орманнан шыққанда  төбенің үстінде орналасқан «Солнечный ВиП» туристік кешені көзге түседі. Бұл жерде ұзақ демалыс ұйымдастырамыз, туристік кешеннің асханасында тамақтануға, көлеңкеде демалуға, катамаранда сырғанауға және балық аулауда бағын сынауға мүмкіндік беріледі.

«Солнечный ВиП» туристік кешеннен бастапқы жеріміз «Қарлығаш» БСО өткен жолмен қайта ораламыз, «Диван-кереует» қарау алаңқайында демалысты ұйымдастырамыз. Бұл қарау алаңқайы үлкен табиғи тас, үсті жазыңқы судан шығып жатқан тас жағадан үш метрдей жерде орналасқан. Қарау алаңқайына  жету оңай болу үшін ағаш басқыш жасалған.