[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

«Көгілдір толқын»туристік маршруты  

  1. Маршрут жібі: Боровушка» демалыс аймағы – «Диван-кереует» байқау алаңқайы – «Буян» шатқалы – «Боровушка» демалыс аймағы.
  2. Қашықтығы: екі жаққа 5,0 км, аялдаманы ескере отырғанда ұзақтығы 5 сағат
  3. Маршруттың қысқаша сипаттамасы:

Маршрут Арықбалық филиалының аумағы  бойынша өтеді. «Имантау» көлінің жағалауында орналасқан «Боровушка» демалыс аймағынан басталады. Топ ескекті қайықтармен Имантау көлінің жағалауындағы «Боровушка» демалыс аймағынан 15 км жерде орналасқан   «Диван-кереует» ландшафты шөгінді жағына қарай аттанады.

Имантау көлі Айыртау ауданындағы  ең үлкені, оның ұзындығы-13,3 км, ең үлкен ені -4,8 км, максималды  тереңдігі-10,0 м,  орташа тереңдігі -5,7 м, жағалау сызығының ұзындығы-35,5 км,. Көлдің ұзындығы теңіз деңгейінен 323,6 м құрайды. Көлдің беті ашық. Оңтүстік-батыс жағалауы құламалы, жартасты, қарағай басым аралас орманмен жамылған. Қалған жағалауы жайпақ,  төмен және дала өсімдіктерімен жамылған. Көл әр түрлі балықтарға бай: тұқы, шортан, алабұға, көкшұбар, мөңке.

Маршрут «Буян» шатқалына дейін жалғасады, бұл маршруттың негізгі нүктесі болады, одан Имантау көліндегі аралына  таңғажайып түр  ашылады. Мұнда суға шомылуға, күнге қыздырылуға, әуесқой балық аулауға рұқсат етілген.

Имантау көлінде жергілікті  тұрғындар арасында  «Тасарал» деп аталады.  Имантау ауылы қарияларының айтуы бойынша, 19 ғасырдың басында  аралда Имантау, Веселое және Арықбалық станцияларының казактары өтті. Арал жағажай аймағымен оңтүстік және солтүстік  жағынан екі жолақпен  байланысқан, бұл жолақтармен сол уақытта (1905 жылы) аралға атпен өтуге болатын. Бірақ уақыт өткен сайын климаттық құбылыстарға байланысты  жолақтар құлады және аралмен байланыс үзілді.

 

Имантау көлінің аралы – республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші, алаңы  36  га құрайды, биіктен арал жүрек  тәрізді пішінге ие екенін аңғарамыз. Арал бұл жердегі сирек кездесетін қазақ  аршасымен жамылған, ол аралдың жағалауында өсіп, оған ғажайып күй береді. Аралда кәдімгі қарағай, сүйелді қайың, тимұрын, шие, таңқурай өседі. Өсімдік дүниесі құлпынай, бүлдірген, әр түрлі дәрілік өсімдіктермен ұсынылған. Жануарлар әлемінен рептилиялар –сарыбас жылан, улы сұр жылан кездеседі.

Имантау көлінде әртүрлі балықтар түрлері көп, шаяндар болғандықтың суы мөлдір.

«Буян» шатқалында дем алғаннан кейін, «Боровушка» демалыс аймағына ораламыз, содан соң «Диван-кереует» қарау алаңқайында кішігірім демалыс жасаймыз.

«Боровушка» демалыс аймағы ғажайып құмды жағажай, тек қана жергілікті тұғындардың ғана емес жақын жерде орналасқан «Қарлығаш» БСО балаларының және ТМД елдерінен дем алуға келгендер үшін ғана емес, шетелдіктер үшін сүйікті демалыс жері. Жағажайдан алыс емес жерде қарағайлардың астында дем алуға арналған жерлер жабдықталған.

 

    1. Маршрут сызбасы

5. Шартты белгілер