РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Көк мүйіс» туристік соқпағы
- Соқпақ жібі: «Восточная» демалыс базасы – демалу алаңы — жартылай арал «Көк мүйіс» — демалу алаңы — «Восточная» демалыс базасы.
- Қашықтығы: 6,8 км екі жаққа да, ұзақтығы 2 сағат 40 мин, аялдамаларды ескере отырып.
- Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:
Соқпақ «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалы аумағы бойынша өтеді. Қозғалыс «Восточная» демалыс базасынан басталып, қарағайлы орман бойынша демалу алаңына дейін Зеренді көлі жағалауының оңтүстік-батыс бағытында жалғасады. Демалу алаңы Зеренді балық өсіру орталығының сорғыш станциясының жанында орналасқан. Демалу алаңында ұзақ емес демалыс қарастырылған.
Зеренді көлі Зеренді тауының солтүстік-шығыс беткейлерінің жанында орналасқан,Зеренді көлінің максималды тереңдігі 8,5 м құрайды, орташа тереңдігі – 1.8 м, көл ұзындығы – 5,3 км, ені – 3,4 м, көп жылғы кезеңге айнасының максималды алаңы орташа алғанда – 10км², жағалау желісінің ұзындығы – 21,3км. Теңіз деңгейінен оның үстінің абсолютты белгісі 370,4 м құрайды.
Көл үсті барлық жерде ашық, тек батыс бөлігінде жағалаулық белесінің ені 100-150 м қамыс өскен. Көлдің түбі негізінен біркелкі, құмды, малта тасты және қой тасты.
Бұдан кейін қозғалыс автомобильдік жол бойынша шлагбаумға дейін жалғасады «Көк мүйіс» ж/алаңына дейін.
Қарағайлы орман арқылы өтетін жолда Зеренді көлі жағалауына шығамыз, ол жерде ұзақ демалыс қарастырылған.
Бұл жерлерде саңырауқұлақтар көп – грузди, майқұлақтар мен арыштар, ақ саңырауқұлақтар, терекқұлақтар мен қайың саңырауқұлақтар, сазқатпа және қатпаршақ және т.б. кездеседі.
Орман жидегін де кездестіруге болады – шие, жидек, құлпынай, қой бүлдірген.