[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

«Құлагер» туристік соқпағы  

 

 

  1. Соқпақ жібі: «Тұрпан» демалыс базасы«Ақан сері» шоқысы- «Тұрпан» демалыс базасы
  2. Қашықтығы: 4 км екі бағытта, ұзақтығы 1 сағат 40 минут.
  3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ Шалқар филиалының аумағынан өтеді. Ол оңтүстік бағытта «Тұрпан» демалыс базасынан бастап қарағайлы сирек орманымен қоршалған, орман  біртіндеп қарағай мен қайың аралас орманмен  алмасады. Мұнда:  дала шиесі, қан түстес қызыл долана және басқада бұталардың түрлері кездеседі.

1 шақырымға созылған соқпақ қарағай орманы арқылы өтеді.  Ары қарай алаңқаймен қарағай орманын бойлай  «Ақан сері» шоқысына дейін  келетін қарағайлы орманның бойымен ары қарай бойлаған.

«Ақан сері» шоқысы жолдың басынан 2 км қашықтықта орналасқан. Таудың етегінде туристік қысқа мерзімге демалуға арналған беседка, бұдан көру алаңына көтерілуге болады. Бұдан әрі  соқпақ шоқының айналасында жалғасады, мұнда Сіз Ақан сері шоқысының құлама жарлы қыртыстарын көріп тамашалауға болады.

Ақан сері Қорамсұлы 1843 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ақан-Сері ауылы, Қоскөл ауылында дүниеге келген. Нақты аты Ақжігіт, бірақ бала кезінен оны Ақан деп атады. Жас кезінен бастап ол музыка мен поэзияға ерекше назар аударып, фестивальдар мен байқауларға үнемі қатысып жүргендіктен сері атына ие болды. Көп ұзамай Ақан сері далаға ақын ретінде танымал болады.

Ақсақалдардың айтуынша, Ақан  сері осы жерлерге бірнеше рет келіп, оның аумағынан 30 шақырым жерде өмір сүрген және шоқы оның құрметіне аталған.Ал соқпақ Құлагер деп аталып кетеді.

Бұл жер орман жидектеріне (бүлдірген, құлпынай, тас шие), саңырауқұлақтарға

( майқұлақ, қозы қарын, ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ, қайың құлақ) тұнып тұр.

          Орман алқаптарында жабайы тұяқты елікті кездестіруге болады. Ал кішкентай фауна өкілдерінен: қоян мен түлкі, борсық пен тиін, құр мен шіл кездеседі.

Бұл жерден Сіз Шалқар филиалының биік шоқыларының бірі болып табылатын «Қостау» шоқысын көре аласыз. Шоқыдан 300 м биіктікте бөлетін екі жотаның ортаңғы жағы екі шоқыға  бөлінген.