РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Өсімдіктер
Флора және өсімдіктердің анализі ботаника-географиялық байланысқа сәйкес ұлттық парк аумағының табиғи ерекшеліктерін анықтауға келесі түрде мүмкіндік береді: Голарктикалық доминион, Көне орталық жердің субдоминионы, Евразиалық дала облысы, Причерноморско-Казақстандық кіші облысы, Заволжско-Казақстандық провинция, Батыс Қазақстанның кіші провинциясы, Көкшетау округі (Лавренко, 1970; Карамышева, Рачковская, 1973). Л.Н. Грибанов бойынша (1965), орман орналастыру аудандастыруға сәйкес, осы жер Қазақ ұсақ шоқылардың таулы аралды қарағайлар провинциясына, Көкшетау-Мунчактин аласа таулар және жартасты ұсақ шоқылар далалы қарағай ауданына – Көкшетау және Целиноград облыстарының қарағайлы ормандарына жатады. Сонымен, Л.Н. Грибановтың (1965) орман өсімдіктер ауданының құрылымы көлемімен З.В. Карамышева және Е.И. Рачковская (1973) Көкшетау округінің аудандарының орталық тобына жақын. Бірақ, соңғылар Көкшетау округінің жағдайы қарағайлы реликттердің көп болуына байланысты даулы екенің анықтайды, мүмкін батыс Сібір орман далалы бір провинциясына жатқызуға дұрыс деп санайды. Мұндай зерттейтін аумақтың жағдайы оның флористико-фитоценотикалық және тарихи ерекшелігін көрсетеді.
Қазақ ұсақ шоқылардың өсімдіктері туралы алғашқы мәліметтер, Имантау және Зеренді алқаптардың қарағайлары туралы мәліметтерді қосып 1820 жылы Г. Спасскимен экспедиция материалдары бойынша Алтай таулы округінің офицері И.П. Шангинмен (1816) жарияланды. 1878 жылы Имантау және Айыртау таулары, Зеренді және Сандықтау шоқылары натуралист-әуесқой И.Я. Словцовпен жазылған. Оның жинағы бойынша 1889 жылы Э.Р. Таутфеттер 451 өсімдіктер түрлерін бастырып шығарды. Тізімде шөлді және далалы түрлері басым болды, ал қарағайлы түрлері аз.
Толық флористикалық және геоботаникалық зерттеулері А.Я. Гордягин (1897, 1916) өткізеді, Көкшетау қыраттарының аралды қарағай ормандарының табиғи ғажаптығын анықтады.
50-60 жылдары Қазақ ұсақ шоқысында КӘРО ғылымдар Академиясының Ботаникалық институтының экспедициясы жұмыс істейді, қорытындысы бойынша Э.В. Карамышева және Е.И. Рачковская (1973) монографиясы шығарылды.
З.В. Карамышева және Е.И. Рачковская [5] классификациясы бойынша қазақ ұсақ шоқыларды ауданы Орталық Қазақстан және Шығыс Қазақстан провинциясының бірнеше округі құрамына кіреді. Көкшетау округі даланың басым солтүстік аймақтық топтары – әртүрлі шөпті – бозды – бай және әртүрлі шөпті – бозды даланың петрофитті вариантарымен, қайың, көк терек және қарағайлы ормандар аралас орындармен учаскелерін кіргізеді. Қарғайлы орманға жақын аумақта, табиғи өсімдіктер сақталған жоқ. Қазіргі уақытта үлкен далалы жерлер жыртылған. Оларды бай – әртүрлі шөпті – қызыл боз (Stipa salesskii, Festuca valessiaca ssp. sulcata, Helictotrichon desertorum, Phleum phleoides, Calamagrostis epigeius, Bromopsis inermis, Phlomis tuberosa, Salvia stepposa, Veronica spuria и др.), әртүрлішөпті – сұлыбас — бозды (Stipa salesskii, Helictotrichon desertorum, Festuca valessiaca ssp. sulcata, Koeleria cristata, Carex supine, Artemisia marschaliana, Phlomis tuberosa, Potentilla humifusa, Sesseli ledebourii) және басқа даланың фармациялары өскен. Далалы фармациялардың толық экологиялық – фитоценотикалық сипаттамасы, сондай-ақ олардың таралуы және байланысы Т.И. Исаченко және Е.И. Рачковская жұмыстарында берілген. Олармен жер жырту, мал бағу, шөп шабу және өрттер салдарынан далалы аумақта болған антропогенді өзгерістерге көңіл аударылған.
Орман экожүйелердің өсімдіктерінің негізгі ерекшелігі П.Л. Горчаковскиймен жазылған. Онымен жалпы Қазақ ұсақ шоқысына аралды қарағайлы ормандарға қарағайлы реликттерге жататын тамырлы өсімдіктердің 100 түрі анықталды. Осы түрлер келесі мекендерде кездеседі: бұлақтардың бастауларында, өзендердің жағасында, уақытша су ағындар алаңдарында, көлдер жағаларында, батпақтарда, орманды ойпаттар және рямаларда, граниттердің тар шаттарында, мүкті және мүкті-шөптесін қарағайлы ормандарда және т.б. Бұл жерлер ерекше, ортаның қолайлы жағдайымен, топографиялық, эдафикалық, гидрологиялық және микроклиматтық факторлардың ғажайып байланысының нәтижесінде құрылған.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер — субстратқа орайластыру бойынша қыналар бірнеше экологиялық топқа бөлінеді: эпигенді — 12 түрі, эпифитті — 8 түрі, эпилитті — 7 түрі.
Эпифиттілер – ағашқа, тасты – жартасты қарағайлы ормандарда орналасады. Қаспақты, жапырақ тәрізді және бұталар кездеседі.
Эпилитті (қабыршықты) қыналар жаланаш граниттерде тасты – жартасты және тасты – қыналы қарағайлы ормандарда кездеседі.
Cladonia – C. sylvatica, C. alpestris, C. rangiferina деген үш түрі басым. Олар өте құрғақ және құрғақ қарағайлы орманда өседі, қыналы орман түрлерінің тірі топырақ жамылғысын анықтайды, мұнда жобалы жамылғы 60-70% дейін жетеді. Басқа да түрлері көп кездеседі – С. gracilis, C. cornuta, C. deformis және тағы басқалары. Ағаштың қабыршығында Cetraria, Evernia (екі түрі) түрлерінің өкілдері көп кездеседі. Жалаңаштанған граниттерде Parmelia saxsatilis, P. olivaceae, Peltigera rufescens, P. Аphitosa және тағы басқалары кездеседі.
Топырақ үстіңдегі немесе эпигенді қыналар, бұлардың түрлері шөптесін өсімдіктер жағынан күшті бәсекелесті көтеруге тиіс. Олар көбінесе жоғары сатыдағы өсімдіктер аз өсетін жерлерде, субстраттың маңызды емес қоректенетін жерлерде және қолайсыз климаттық жағдайларды, мысалы құмды топырақта.
Эпигенді қыналар – тасты – жартасты, тасты – қыналы, сүрек мүкті – шөптесін қарағайлы ормандарда тас қиыршық ұсақ топырақты жерлерде өседі.
Ұлттық табиғи парктің Альгофлорасы аз зерттелген.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүктермер бірге қоса жоғары сатыдағы өсімдіктердің флорасы, мүктерді кіргізіп, 98 тұқымдасқа бірлескен 597 түрі және 324 текті саналады.
Негізгі сүрек тұқымдасы – қарағай, биік емес шоқыларды және жондарды, баурайларды, беткейлерді және төбешіктерді, шоқы аралық жазықтарды және қолаттарды алып жатыр. Сүрек тұқымдастардан – қайың және көк терек қарағаймен аралас екпелерді құрайды. Төменде сондай-ақ таза қайың және көк терек ормандары таралған. Бұталардан арша, итмұрын, долана, тал, таңқурай, қарақат кездеседі.
Ұлттық парктің жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында, дифференцияның жоғары дәрежесіне жетпеген топтары бар – олар мүк тәрізділер, дифференцияның жоғары дәрежесі барлық көпшілік өсімдіктерге тән. Температураның кенет өзгеруін, дымқыл және қатты құрғақшылықты көтереді, кедей субстраттарда өмір сүре алады, олар өсімдіктер солып кетуі немесе мүлдем өмір сүре алмайтын жағдайда бірлестіктер құрады. Мүктәрізділер беткей және тастардың үстінде алғашқы өсімдіктер тобының құрамына кіреді, олар, сумен толған, және тақыр топырақта өсу пионерлері болады. Мүк тәрізділерді пионерлік түрлері біртіндеп өліп, басқа түрлердің мекендеуі үшін субстрат дайындайды, соның ішінде тамырлы өсімдіктерге.
«Көкшетау» МҰТП ормандарында мүкті жамылғы қыналардан қарағанда аздау дамыған, бірақ бөлек мекендерде (өзен жағаларында, батпақтарда, орманды ойпаттарда, бедердің төменгі жерлерінде) өсімдіктердің осы түрі өсімдіктер бірлестігі құрамында маңызды рөлі бар, бөлек жағдайларда (мүкті – шөптесін қарағайлы орман) олардың жамылғысы 35-40% жетеді. Pleurosium schreberi, Dicranum scoparium, Hylocomium palustre, Climaceum dendroides және тағы басқалары басым. Mnium тектес өкілдерінің 4 түрі белгіленген, осыдан басқа, Calliergon cordifolium, Rhytiadelphus triguertrus бар. Мүк флорасында жалпы 19 түрі белгіленген.
Орманда және батпақтарда өсетін мүктердің түрлік құрамы туралы бөлек белгілеулер А.Я. Гордягиннің (1900 — 1901) және А.М. Жаркованың (1930) жұмыстарында көрсетілген. Аумақтың мүктер флорасы туралы толық мәліметтер П.Л. Горчаковскиймен (1987) ұсынылған.
Көптеген тайга түрлерінің өсуі негізгі ареалдан бөлініп «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің орман алқаптарының реликті сипатың көрсетеді, бұл аумақтың флорасын сақтауды қажеттілігін анықтады. Сонымен бірге мүкті – қыналы жамылғының көп түрлері антропогенді әсердің индикаторлары болады, бұл флора және өсімдіктер жағдайының мониторингінде пайдалануға мүмкін.
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк және Щучинск қаласындағы орман шаруашылығының ҒӨО бірлесіп өткізген зерттеулерге сәйкес, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің шөптесін өсімдіктердің флорасы 263 түрден тұрады. Ең көп тұқымдастар – Күрделі гүлділер (Asteraceae) – 47 түрі, Дәнді (Роасеае) – 27, Раушан гүлділер (Rosaceae) – 17 түрі, Бұршақ (Fabaceae) – 16 түрі. Шатырша (Арiасеае) – 12 түрі экобиоморф бойынша көпжылдық өсімдіктер басым – барлық көрсетілген түрлерден 84% жоғары. Фитоценотикалық топтар бойынша жайылым түрлер басым (32%), содан кейін дала (21%), орман – дала (18%), орман түрлері (18%). Флорода түрлердің 38% шаруашылық тәжірибелік пайдалануда. Ең бағалы дәрілік және астық өсімдіқтер 38 түрмен (15%) ұсынылған.
Флораны сақтау үшін сирек түрлерінің және ғажайып бірлестіктің популяциясын, сондай-ақ, мониторингті зарттеу, өсімдіктер жамылғысының өзгерістерінің процесстерін анықтау және табиғат қорғау іс-шараларын дайындау мақсатында жалпы өсімдіктер жамылғысының динамикасын, мониторингті зерттеуді жүйелік бақылау өткізу керек. Шөптесін өсімдіктер түрлерін тізімін табу бойынша болашақта зерттеулер қажет.
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында 30 тектеске жататын қарағайлы орман флорасының 36 түрі белгіленген. Олардың көбісі сирек кездесетін, қорғауға қажет ететін түрлер. Сирек түрлері – бұл қырық жапырақтылар, сүйсін тұқымдастар, алмұрт шөптілер, терістік жалманақ. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында осы түрлерді сақтау үшін іс-шаралар қолдану қажет. Ғылыми жоспарда ерекше бағалы қарағайлы реликтердің популяциясын толық зерттеу қажеттілігі бар, сондай-ақ кейін олардың жағдайына геоботаникалық мониторинг өткізуге қажет.
Ұлттық парктің эндемикаларға Имантау көлінің аралында өсетін казак аршасын жатқызуға болады.
Сирек кездесетін және жойылуға жақын өсімдіктер. «Көкшетау» табиғи парк флорасы құрамында көне солтүстік көне өсімдіктер көп – алмұртшөптер, қырық жапырақтар, терістік жалманақ, торжапырақ, Европа жылқы шөбі және тағы басқалары. Мұнда Қазақстандағы сирек кездесетін су шырмауық, сондай-ақ аймақта сирек кездесетін – тас қарақат, алтай ұш қат, мойыл, шәңгіш, үш жапырақты субеде және тағы басқалары. Қазақстанның Қызыл кітабына көктем жанаргүлі, саз қазанағы, кәдімгі шолпан кебіс, ірі гүлді шолпан кебіс, шатырша қысшыл шөп, бұғы кладониясы, ақ тұңғиық, гибридті шұғылық, дөңгелек жапырақты шықшөп, Фукс сүйсін кіргізілген.
Индикаторлық өсімдіктер
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында өсімдіктердің 12 индикаторлық түрі бар, соның ішінде 2 сүректі, 6 – бұталы, 4-шөптесін түрі кездеседі.
1.Кәдімгі қарағай (Pinus Silvestrius) — мәңгі жасыл, қарағай тұқымдарына жататын қылқан жапырақты ағаш, биіктігі 40 м дейін жетеді. Діңі, қабығы қызылдау, қабатты, жіңішке пластинкаланып ұсақтанады, ағаштың түбір жағы қаралау-қоңыр түсті. Жас ағаштың ұшар басы пирамида тәрізді, ал кәрілердің кең, жұмсақ болып келеді. Жас бұтақтар тақыр, жасылдау. Бүршіктері шайырлы, ұзынша жұмыртқа тәрізді, қалын қоңыр қабыршықпен жабылған. Жапырақтары ине тәрізді, қатты, ағашта 2-3 жыл сақталынады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді, гүлдер тақыр, бір үйлілер, бүрге жиналған. Жетілген бүрлер сарылау –сұр, күңгірт, тұқым жетілген уақытында жарылады.
2.Қотыр қайың (f. fastigiata)— бұл ағаштың биіктігі 20 м дейін жетеді, ағаштың ұшар басы жұқа, түзеу емес, және қабығы тегіс, ақ, қабатталған. Жетілген ағаштар төменгі діңі қара қабықпен жамылған, терең жарықтармен, қотыр қайың бұтақтары салбыраған, жас бұтақтары қотырлы. Төменгі бұтақтары қысқа, горизонтальды, ортаңғы және биік жағы өрлеме. Бұтақтары өте ұзын және сымбатты, кәрі ағаштардың бұтақтары шілтер тәрізді салбыраған. Бұтақтарында кішкентай қотыр. Бүршіктері қоңыр және жылтыр жасыл, ұзындығы 4 мм дейін. Жапырақтары ромб тәрізді, тақыр, 7 см дейін, жас кезіңде шайырлы, жабыспақ.
3.Орташа тобылғы (Spirea media Schmidt) – жапырақтары түсетін бұталар, ұзындығы 2 м. Бұтақтың табиғи пішіні әр түрлі: пирамидалы, жылауық, тік тұратын, жайылып тұратын, тағыда басқалар. Түрлер өзара пішініне қарай, және жапырақтың түсіне қарай бөлінеді, көбінесе күзде жасыл түсін қоңыр, сары немесе қызыл түстерге аустырады. Түрлерінің көбі көктемнен бастап күзге дейін гүлдейді. Тобылғы көп және ұзақ уақыты гүлдегені үшін бағаланады. Гүлдері ұсақ, бірақ көп, гүлдерінің пішіні әртүрлі. Бір гүлді болып кездеседі. Гүлдердің түсі әртүрлі – таза ақ түстен қызыл күрең түске дейін болады.
4.Дала шиесі (Cerasus vruktikosa) – шиелер арасында бұл түрі қысқа төзімді, бірақ гүлдер бүршігінің қысқа төзімділігі төмен. Дала шиесі — ұзындығы 1,5 м. Дейін жететін аласа бұта. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, өзекті бөлігі бұтасынан 3 метрден асып кетеді. Олардың негізгі бөлігі 0,5 метр тереңдікте орналасады. Ол көп жас бұтақтарды құрайды, көбінесе аз өнімді формаларды. Жас бұтақтар жіңішке, тақыр. Жапырақтары ұсақ, қою жасыл, жылтыр, ұзынша – эллипті, жұмыртқа немесе ланцетті, қысқа шыбықта сүйір тісті шетімен. Гүлдері ақ, ұсақ, гүлдерге жиналған (шатырша). Жемісі дөңгелек, сопақ, шалқан түрлі, массасы 1-3 г. Түсі ашық қызылдан қою қоңырға дейін. Дәмі тәтті-қышқыл, жұпар иісі бар қышқыл, кейде дәмі ауыз қуырарлық. 3 жылдан бастап жеміс әкеледі.
5.Кәдімгі итмұрын (Rosa canina) – раушан гүлді тұқымдардың бұтасы, ұзындығы 2 метрге дейін жетеді. Бұтақтары жіңішке, жылтыр, қызылдау, тік немесе қисайған (гүлдейтін бұталарда) қос тікенектермен жамылған. Жапырақтары кезекті, шыбықша, күрделі, жан-жақтан сопақ шетінде ұсақ жапырақтары бар. Мамыр ортасынан маусымға дейін гүлдейді. Гүлдері ірі, жеке, қызғылт түсті. Жемісі өтірік, дөңгелек,сопақша дөңгелек немесе эллипсті, көптеген ұсақ, сүйір, көптеген қабыршықтармен жамылған тұқымдары бар. Тамыз-қыркүйек айында жеміс әкеледі.
6.Қара ырғай (C. Melanokapra Lodd) — ырайдың күрделі емес бір түрі. Гүлдері ірі ашық қызғылт түсті шоққа жиналған. Жемісі қара, тамыз, қыркүйек айында жемісі піседі.
7.Тал (Salix ) — биік бұта, кейде ағаш түрінде кездеседі, биіктігі 2 метрден 6 метрге дейін. Бұтақтары қалын, жастары нұр түсті, кәрілері – қоңыр немесе сұр. Жапырақтары кең жұмыртқа тәрізді, сирек ланцетті, тісті, қою жасыл, үстіңгі жағында тақыр, сұр шырмауық. Гүлдері жиналған сырға тәрізді. Жемісі – қорап тәрізді. Сәуір айында гүлдейді.
8.Қау боз (Stipa pennata L. s. str.) — сабақтарының ұзындығы 30-80 см, жиналған қатты шымды. Сабақтарының жапырақтары тақыр, тегіс. Жапырақты пластинкалар көбінесе жиналған , сире жайпақ, диаметрі 0,6-1 мм, тақыр немесе қабыршығы аз. Жапырақтың тілдері вегетативті жас бұтақтарының ұзындығы 1-3 мм. Төменгі гүлді қабыршығының ұзындығы 15-20 мм. Остилардың ұзындығы 20-40 см.
9.Лессинг бозы (S. lessingiana Trin. et Rupr) — өсімдіктің ұзындығы 30-60 см. Жапырақты жиналған пластикалар, диаметрі 0,3-0,6 мм, кедір-бұдырлы; вегетативтік жас бұтақтардың жапырақтарының ұзындығы 0,3 мм дейін. Төменгі гүлді қабыршықтарының ұзындығы 0,8-1,1 см, барлық үстіңгі жағы қабыршықты; остиларының ұзындығы 14,5-25 см екі есе майысқан, төменгі бөлікте тақар және тегіс, үстіңгі қабаты жүнді – 0,2-0,3 см.. Көктемнің аяғында – жаздың басында гүлдейді.
10.Қос мысық табан — көпжылдық шөпті өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарға жатады, ұзындығы 10-35 см. Бұтағы – қарапайым. Барлық өсімдіктер жүнді. Жас бұтақтары жайылған, тамырлы. Жапырақтары біртекті, тұтас: тамырға қарай кең, негізінде жүрек тәрізді немесе бүршік тәрізді. Гүлдеуі бірнеше ұсақ себеттерден тұрады. Мамыр-маусым айында гүлдейді. Гүлдері бір жынысты. Себеттердің сыртқы қаптауы ақ немесе қызғылт. Тұқымдары қалын қабыршықты айдармен. Жемісі тамыз айында піседі.
11.Күміс қазтабан (Potentilla argentea L.) — көпжылдық шөпті өсімдік раушан гүл (Rosaceae) тұқымдастарына жатады, ұзындығы 50 см дейін, тамыры ұзын ұршық тәрізді. Тамыры қысқа, ағашты; тамыр мойнынан жылсайын жапырақтар кетеді, ол розетка құрайды, одан келесі көктемде гүлдейтін жас бұтақ өседі. Жас бұтағы тік, жіңішке, бірақ қатты, ақ киізді. Жапырақтары саусақты – бес бөлікті және жоғарғылары үш бөлікті, жоғарыда жасыл, төменде ақ киізді. Тамыр жанындағы жапырақтары гүлдеген кезде солған; жас бұтақты – көп санды,қысқа бұтақты, үстіңгісі — отырыңқы. Гүлдері ашық сары түсті, сыпырғыш тәрізді. Жемісі – көп жаңғақты, жаңғақтары жіңішке. Маусым – қыркүйек айларында гүлдейді, жемісі тамызда піседі.
12.Татар ұшқаты (L. tatarica L.) Ең қарапайым түрі. 3-4 метр ұзындыққа дейін өседі. Мамыр айының аяғындагүлдеуге бастайды, 15-20 күнге дейін гүлдейді. Гүлдері қызғылт немесе ақ, жұпар иісті.. Жемістері өте декоративті, ашық қоңыр немесе ашық қызыл. Татар ұшқаттының көп саябақ түрлері бар. Өкінішке орай, татар ұш қаты өсімдік бітесімен зақымданады, көбінесе жас бұтақтары.