[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

«Сосновый бор» мектеп орманшылығы

Шалқар филиалында Имантау орта мектебінің жанында  «Сосновый бор»  мектеп орманшылығы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Мектеп орман шаруашылығының жетекшісі – Аширова Раиса Абдулаевна. Жетекшінің көмекшісі – Шалқар филиалының кіші ғылыми қызметкері Азбергенов Болат Куракбаевич. Мектеп орман шаруашылығының құрамына 18 адамнан тұратын 8-сынып оқушылары кіреді. Мектеп орманшылығына ауданы 21,7 га болатын 100 орамның 10,11,12,13,14,15,16  телімдерінде»Қостөбе» орманшылығының учаскесі берілді. Жұмыс жоспарына сәйкес, Шалқар филиалының қызметкерлерімен бірге ағаш отырғызу, орман екпелерін күту (суару, арамшөптерден тазарту), «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні», «Бірге –Таза Қазақстан», «Таза жағалау», «Паркер шеруі», «Құстар күні» акциялары,«Астау» операциясы өткізіледі. Берілген аймақ  қоқыстардан тазартылып отырылады.  Орманды кесуден, ірі қара мен өрттен зақымдануынан қорғау жүзеге асырылады. Олар өз қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады. Шалқар филиалының қызметкерлерімен бірлесіп дәрістер, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіледі. Шалқар филиалы мектеп орманшылығының үздік  мүшелерін мақтау қағаздарымен марапаттайды.