РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Таулы» шоқылар туристік соқпағы
- Соқпақ жібі: «Имантау» демалыс базасы — «Қазандық» шоқысы — «Буян» үңгірі — «Имантау» демалыс базасы
- Қашықтығы: екі жаққа 10 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 4 сағат 20 мин.
- Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:
Соқпақ «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Қозғалыс «Имантау» демалыс базасынан басталып құмды жағажай «Боровушка» демалыс аймағына дейін жалғасады. «Котлован» шоқысының оңтүстік беткейімен «Невидимка» бұлағына қарай соқпақ бойымен жоғары көтеріле отырып, пішіні «Күнқағарға» ұқсайтын үлкен тасқа шығамыз. Одан кейін «Котлован» шоқысының шыңына көтерілеміз. Бұл Арықбалық аумағында ең үлкен шың, оның биіктегі 621 м құрайды. Көру алаңынан «Имантау» көлін, алыстан «Қостау» және «Логовое», «Айгүлі», «Жақсы-Жанғыстау» шоқыларын көреміз. Имантау көліндегі арал жақсы көрінеді, жергілікті тұрғындар арасында ол «Казачий» деп аталып кеткен. Қариялардың айтуы бойынша 19 ғасырдың басында арал жағалау аймағынан екі жолақпен байланысқан және бұл жолақтар арқылы казактар өтіп отырған. Биіктіктен қарағанда арал жүрек тәрізді пішінге ие, бұл жердегі сирек кездесетін казак аршасымен жамылған, ол аралдың жағалауында өсіп, оған ғажайып көрініс береді.
Қозғалыс негізінен қарағайлы аралас орман арқылы өтеді, жолда таңқурай бұталары кездеседі. Ылди жерде және соқпақтың кішігірім баурайында түрлі жидек түрлері бар (құлпынай, жидек, таңқурай). Дәрілік шөптер де кездесіп отырады (дәрілік шүйгін шөп, кәдімгі жебір шөп, орал миясы, итмұрын, итошаған, мыңжапырақ, бақбақ және т.б.). Сондай-ақ көптеген түрлі жеуге жарамды саңырауқұлақтар кездестіруге болады, олар түлкіжем, майқұлақ, қайың саңырауқұлақ.
«Қазандық» шоқысының батыс баурайына қарай «Буян» шатқалына түсеміз, ол жерде басқа байқау алаңы орналасқан. Ол жерден Имантау көлінің су айдынына ғажайып көрініс ашылады. Имантау көлі Айыртау ауданындағы ең ірі көл, көлдің шұңқыры шоқылар арасындағы төмендеу жерде орналасқан. Көлдің ұзындығы -13,3 км, ең үлкен ені -4,8 км, максималды тереңдегі -10 м. Имантау көлі өте таза, балық түрлеріне бай: тұқы балық, шортан балық, алабұға, мөңке балық, көкшұбар балық, пайда балық.
Имантау көлінің жағалауын бойлай «Имантау» демалыс базасына қайтамыз.