[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

«Қысқы шие» туристік маршруты

  1. Маршрут жібі: орман алаңқайы –«Кабаний» бұлағы – «Вишневая» шоқысы – «Кабаний» бұлағы- орман алаңқайы.
  2. Қашықтығы: 5 км екі жаққа, ұзақтығы аялдаманы ескере отырып 40 мин,
  3. Маршруттың қысқаша сипаттамасы:

Маршрут Зеренді филиалының аумағы бойынша өтеді. Маршрут бойынша қозғалыс батыс бағытында «Сұңқар» СК орман алаңқайынан басталады. Жүрген бойы «Кабаний» жылғасына келіп оңтүстікке бұрыламыз. Маршрут оң жағында орналасқан шоқ қайыңдар бойлай өтеді, сол жағында – жас қарағайлар. Бұдан кейін қыста қатып қалатын «Кабаний» жылғасын өтеміз. Жылға арақылы өтіп қозғалысты солтүстік-батыс бағытында жалғастырамыз  «Вишневая» шоқысы маршруттың соңғы жол нүктесіне жетеміз. Бұл орман алаңқайында тобылғы мен шие өскен кішкентай шоқы. «Вишневая» шоқысының алдында маршруттан шығып еркін қозғалыста жүруге мүмкіндік беретін алаң бар.

Одан кейін қозғалыс барысында «Тоқылдақ асханасына»  келеміз, бұл жарылған қарағай ағашы-  қарағай бүршігін азық ретінде пайдаланған тоқылдақтың мекені.

Бұдан кейін жүру бағытында «Девичьи слезы» шоқысы бар. Оның биіктігі 150-160 м. Аңыз бойынша бұл шыңда үйленген жігітті ұнатқан жігітті жақсы көріп қалған қыз жылаған.

Олардың махаббаттары қысқа әрі шынайы болған. Естелік ретінде кішірек шұңқыр қалған, таста қыздың көз жасы қалған деседі. Бұл шұңқырда ыстық және құрғақ күндері де  үнемі су тұрады. 150-200 метрден кейін жол орман алқабында аяқталады.

  1. Маршруттың сызбасы

5. Шартты белгілер