[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

Жануарлар

Омыртқасыз жануарлар

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында омыртқасыз жануарлардың фаунасы (жәндіктер, өрмекшілер, тістеуіктер, ұлулар, құрттар және т.б) әлі де толық анықталған жоқ. Жалпы орман дала үшін  (9) мәліметке сәйкес 1000 қоңыз түрі, 220 қандала түрі, 70 турақанаттылар түрі (шегірткелер, қара шегіртке, обыр шегіртке т.б.), 64 өрмекшілер түрі анықталды. «Қызыл кітап» түрлері — әдемі қыз (инелік), дала кергісі және Сервиль севчугі (шегірткелер), дала сколиясы (жабайы ара) және поляк сымыры (табиғи бояғыш кармин алады). Келесіде омыртқасыз жануарлар флорасын нақты зерттеу жоспарланады.

Омыртқалы жануарлар

Ұлттық парктің  орналасу аумағында құстардың 224 түрі, сүт қоректілердің 51 түрі, балықтардың 19 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 5 түрі, қос мекенделердің 1 түрі мекендейтіні мәлім. Соның ішінде сүт қоректілердің 2 түрі, және құстардың 5 түрі  қаралған аумақтан соңғы жүз жылда жойлып кетті. Бағытталған адамдар қызметі нәтижесінде сүт қоректілердің 3 түрі жерсіндірді (марал, теңбіл бұғы, Асканий бұғасы). Сүт қоректілердің және құстардың көбі қаралған аумаққа өз бетімен, немесе адамдар қызметінен, немесе табиғи процесстер нәтижесінде келді. Бұл құбылыстар осы уақытта болып жатыр. Фауналық тізім және ұлттық парк аумағында мекендеу сипаттамасы жергілікті омыртқалы жануарларға тұрақты есеп қажет, бұл аумақтың орналасу ерекшеліктерімен байланысты.

Жабайы жануарлар әлемі өкілдерінің негізгі мекен жерлері орман алқаптары, шоқ ормандар және шоқ алқап арасында.

Балықтар

«Көкшетау»  мемлекеттік ұлттық табиғи парктің көлдері балықпен танылады. Негізгі тобы Зеренді, Жақсы-Жаңғызтау, Имантау, Шалқар, Ақкөл көлдерінде мекендейді. Ақсаха, шортан және тұқы балықтар бойынша аналық балықтар су айдындары бөлінген: Зеренді және Жақсы-Жаңғызтау және Имантау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің ихтиофаунасы 19 түрмен ұсынылған. Кең таралған шортан, торта, алабұға, күміс мөңке балық, алтын мөңке балықтардың түрлері басым. Осымен гидрологиялық режимнің өзгеру су минерализациясының көбею және гидрологиялық сипаттамасының өзгеруі нәтижесінде, су айдындарда балықтардың мекендеу құрылысы тұрақты өзгеріп тұрады. Ихтиофаунаға адамдар қызметі де интенсивті әсер етеді. 1950 жылдың аяғынан бастап көлдерде әртүрлі интродуценттермен көлдерге балық жіберу жүзеге асырылынып жатыр (балықтың 10 түрі және кіші түрлері – табан балық, тұқы балық, ақсаха балықтардың әртүрлі түрлері және т.б.). Нәтижесінде  қазіргі балықтар фаунасы 50% интродуцентермен және олардың гибридтарымен ұсынылған. Жалпы ихтиофаунаның жағдайы жаман емес, қорекпен қамтамасыз етілген.

Қосмекенділер және рептилиялар

Қосмекенділер бір түрмен ұсынылған. Шөпті бақа ылғалды және дымқыл ормандарда, өзен алқаптарында, көл шұңқырларында мекендейді. Рептилиялар 5 түрмен ұсынылған. Сұр кесіртке (ТҚХО Қызыл кітабы), кесіртке құрғақ және жас орман шетінде, тасты беткейлерде мекендейді. Кәдімгі сарыбас жылан және су жыланы көлдердің жағасында және дымқыл орманда мекендейді. Кәдімгі сұр жылан жас және дымқыл орманда мекендейді. Рептилиялардың барлық түрлері фаунаның кәдімгі өкілдері болады.

Құстар

Ұлттық парктің орналасу ауданыңда құстардың 219 түрі мекендейтіні белгілі,  соның ішінде 20 түрі сирек кездесетін және қызыл кітапқа енгізілген (қызыл жемсаулы қарашақаз, шықылдақ қаз, кіші аққу, сұңқылдақ аққу, дала бүркіті, қарақұс, бүркіт, аққұйрық субүркіт, ителгі, лашын, тазтырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, үкі, тауқұдірет, сүйір тұмсықты шалшықшы, қарабас өгізшағала және т.б.).

Географиялық-генетиналық талдау құстардың ұялайтын түрлертіне қатысты келтірілген, Европалық құстар кешені басым (61 түрі, немесе 39 %), бұлардың ішінде кәдімгі қара мойын суқсыр, қызылбас сүңгуір, дала құладыны, жамансары, чеголь, кәдімгі күйкентай, қызғыш, түзкептер, маубас жапалақ, теңтек құс, қара ұзынқанат қарлығаш, орман жадырақ торғай, сарғалдақ, қараторғай, сауысқан, таған, шәуқарға, ала қарға, жасыл құйқылжық торғай, сандуғаш, сарықас торғай, отқұйрық торғай, деряба, шұбар шымшық, сарышымшық, пайыз торғай, үлкен көкшымшық, саябақ сарыторғайы және тағы басқалары бар. Европалық түрлер орман және ормандала ландшафтарда  мекендейді, сулы-батпақты мекендерде де кездеседі.

Екінші топты Палеартакадағы кең таралған белгісіз түрлері (28%) құрайды. Бұлар үлкен әуепілдек, сұр қаз, барылдауық үйрек, шүрегей, батпақ құладыны, қаршыға, құр, шөпілдек, кіші, көл, және көк шағала, өзен қарқылдақ шағала, үкі, кұлақты және батпақ жапалақ, көкек, үлкен алабажақ тоқылдақ, дала бозторғай, қаратамақ торғай, қарға, саябақ айқабағы, дала торғайы және тағы басқалары.

Сібір құстар кешеннің (12%) түрлерінің тобы, көбінесе қарағайлы, олиготрофты көлді және орман батпақтарымен байланысты. Бұлар қызыл жақ сұқсыр, сарыайдар үйрек, бізқұйрық, айдарлы қаралау үйрек, сусылдақ үйрек, бейнеарық үйрек, фифи, тауқұдірет, жүнбалық байғыз, қаршыға жапалақ, желна және тағы басқалары.

Жерортатеңіздік құстар кешенінің түрлері (12%) дала, көлдің қамысты  жағасы, ормандала ландшафтар фаунасында ерекше рөл алады. Құрамында: сұқсыр үйрек, дала құладыны, тілеміне, қарақұс, өгізшағала, кәдімгі шақшақай және  плешанка, мұртты көкшымшық. Жерортатеңіздік фаунасына жағдайға байланысты 4 түрі жатады: ақсұңқар, бұлақшы, дала қарақасы, аққанатты бозторғай, бұлар шығу тегі бойынша Қазақстан даласымен байланысты.

Монғол кешеніне құстардың 9 түрі (6%)  жатады. Бұл түрлер көбінесі дала ландшафтар (дала күйкентай, ақбас тырна, кіші бозторғай, дала жадырақ торғай, биші шақшақай) және далалы тұзды көлдерде (отүйрек, сарылақаз, бізтұмсық) мекендейді. Тек қана бір түрі (ителгі) орман далалы ландшафтарында мекендейді.

Қытай құстар кешені (3%) үлкен түркептер, ақарқалы тоқылдақ, ақ көкшіл шымшық, құралайқұс, емендік сарыторғаймен ұсынылған. Олар көбінесе ормандалада және жайылымдарда мекендейді.

Сүтқоректілер

Ұлттық парктің териофаунасы 6 отряд 51 түр ұсыналған. Жәндік қоректілер отряды 7 түрмен, жарғанттылар отряды 3 түрмен, жыртқыш отряды 11 түрмен, жұптұяқтылар отряды 5 түрмен, кемірушілер отряды 22 түрмен, қоян тәрізділер отряды 2 түрмен ұсынылған. Осы түрлер Қазақстан ұсақшоқысының барлық өздігінен өмір сүретін жануарлар әлемінің жартылай түрін құрайды. 1 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына орман сусары, 8 түрі ТҚХО қызыл кітабына кіргізілген

Жоғары айтылғандардан фаунаның 50% кемірушілер отряды өкілдерінен тұратыны көрінеді. Осы аумақта дала ландшафтың индикаторлар мекендейді – дала тышқаны, дала алақоржыны, боз суыр ТҚХО ҚК кіргізілген. Шығыс дала түрлерінен Жоңғар атжалмандары енгізілген.

Далалармен бірге учаскеде шөлейтті және орман түрлері мекендейді. Көп тарағандар –  бұл  кәдімгі кірпі, кәдімгі соқыртышқан, шөлейт түрлерінен үлкен қосаяқ және кішкентай тышқан (ТҚ ХО ҚК). Тайгалық  түрлерде мекендейді – ақ-қоян.

Ұсақ сүтқоректілердің үлкен саны жыртқыштарға: қасқырға, түлкіге, борсыққа, ақкіске, ақ қалақда, құнуга жем болады. Кәділгі дала күзен, сондай-ақ қарсақтың ТҚ ХО ҚК кіргізілген шөлейт түрі далаға типті.

Аумақта қостұяқтылар отрядынан қабан, бұлан, марал, Асканий бұғысы, көбінесе Сібір елігі мекендейді, 2014 жылдың есеп мәліметтері бойынша 2334 бас саналды.

 

Жерсіндірілген  түрлер және олардың аборигенді  фаунаға әсері

Адамдардың бағытталған қызметі нәтижесінде сүтқоректілердің 4 түрі (Европалық киелі бұғы, қабан, тиін және ондатр) және  құстардың 1 түрі (саңырау құр) жер сіндірген. Мемлекеттік ұлттық  табиғи парк аумағына теңбіл бұғы бертін кіргізілді, бірақ жақсы бейімделді.

Жануарлардың индикаторлық түрлері

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында индикаторлық түрлер тобына сүтқоректілердің 3 түрі енеді.

  1. Бұлан (Alces alces) — бұғы тұқымдасы бұланның кейінгі тұқым тармағына жататын сүт қоректілердің қостұйяқтылар түрі; 6-7 түршені құрайды. Бұғы тұқымдасының ең ірі түрі (биіктігі 3 метрге дейін, ұзындығы 2,3 метрге дейін, салмағы 570 кг дейін, кейде одан да көп). Аяғы биік, денесі қысқы және басы үлкен ауыр. Аталықтарында үлкен күрек тәрізді 3 метрге дейін жететін мүйізі бар, мүйіздің қосалқы бұтақтары жануардың жасын білдіреді. Құлақтары үлкен жылжымалы. Тамағының астында жұмсақ сырғадай өсінді бар.    Түсі қоңыр-қара аяқтары   тізесінен   ақтау болып келеді.
  2. Елік (Capreolus capreolus) — бұғы тұқымдасы еліктің кейінгі тұқым тармағына жататын сүт қоректілердің қостұяқтылар түрі (capreolinae), 5 түршені құрайды. Ұзындығы 1,5 метр, салмағы – 60 кг дейін құлақтары ұзын, сүйір, құйрығы қысқа. Тұяқтары тар және сүйір. Түсі біртүсті, жазда қызғылт сары, қыста сұрлау түсті. Аталықтардың мүйізі қысқа.
  3. Қабан (жабайы шошқа, қабан; Sus scrofa) — шошқа тұқымдасының сүт қоректілер, қостұяқтылар түрі, 25 түршені құрайды. Ұзындығы 130-175 см. салмағы 60-150 кг. Салмағы бойынша қабан өзгермелі. Басы үлкен алға қарай созылып сүйір келеді. Құлақтары ұзын және кең, көздері кішкентай, тұмсығы жалпақ. Денесі қатты қылтанмен қапталған, қыста ұзын және қалын болып келеді. Арқасында қылтаны айдар құрайды. Түсі қоңыр қара, торайлары жалақ.

             Құстар.

Ұлттық табиғи парк аумағында индикаторлық түрлер тобына құстардың 3 түрі жатады.

  1. 1. Қылүйрек (Anas) — бұл орташа және үлкен емес құстар, мойны және жіліншігі қысқа. Түсі әртүрлі, көп түрлерінің қанатында ерекше айна бар. Көп түрлердің түлеуі бір жылда екі рет болады, жазда-толық, күзде-жартылай.
  2. 2. Ақ шіл (Lagopus lagopus), құр тұқымдастарға жататын құс. Ұзындығы 46 см дейін, салмағы 400-900 г, қыста ақ құрдың аяғы тырнағына дейін мамықты жазда тақыр болады, кішкене қабыршықтармен қапталған, басқа құрлар тұқымдастарына қарағанда шашақтары жоқ. Бір жыл ішінде ақ шілдің аталықтары қауырсынын төрт рет, ал аналықтары – үш рет өзгертеді, қыста мамығы – ақ, жазда қызғылт-сары.
  3. 3. Сұр тырна (Gruidae), тырна тәріздес тобына жататын тұқымдастар. 4 тұқымға қосылған 15 түрі. Тырналардың ұзындығы 90-155 см дейін. Бұл ірі биік аяқты, ұзын мойынды құстар, тік найза тәрізді тұмсығы бар. Көп түрлердің бастарында мамығы жоқ: Высота журавлей от 90 до 155 см. Это крупные длинноногие птицы с длинной шеей и прямым копьевидным клювом. На голове у большинства видов участки неоперенной.

Балықтар.

Мемлекеттік ұлттық парктің барлық аумағына индикаторлық түрлер  тобына балықтың 4 түрі кіреді.

  1. Шортан (Esox Lucius), кәдімгі ұзындығы 40-50 см және массасы 1,5 кг бірақ 10-12 кг дейін де кездеседі. Көбінесе жаға маны аймағында жалғыздан жүреді, уылдырық шашқан кезде және кеш күзде топпен жүреді.
  2. Тұқы балық (Ceprinus carpio), денесі цеклойдты қабыршықпен жамылған немесе тақыр. Ауызы тіссіз, жылжымалы, жұтқыншағында бір-екі-үшқатарлы тістері бар. Мұрты 2 пардан тұрады, майлы қанаттары жоқ. Тұқы балық тұщы суда мекендейді 4 жылда өсіп жетіледі. Талғаусыз қоректенетін балық.
  3. Мөңке бұлақ (Carassius), су айдындарында мөңке балықтың екі түрі бар – алтын және бозша мөңке. Мөңке талғамайтын және төзімді, лайланған жақсы  жылынатын суайдындарда мекендейді, 4 жылда өсіп жетіледі, 4 жасында  ұзындығы 10-15 см-ге дейін жетеді.
  4. Алабұға (Perca fluviatilus), тұщы суда, жақсы оттекті режимімен су айдынында мекендейтін балық. Кұрсақтағы, артқы жағындағы және құйрығындағы қанаттары ашық-қызыл түсті. Ұзындығы 50 см дейін, массасы 1,5 кг дейін.

 

Зеренді, Шалқар және Имантау көлдерінің ихтиофауналық сипаттамасы

Тұщы көлдердің ихтиофаунасы әр түрлі болып келеді, құнсыз және сортаң балықтардың саны құнды балықтарға қарағанда жоғары; суы таяз тұщы көлдерде негізгі түр мөңке балық болып саналады, ал жоғары минералданған су тоғандарында аборигенді ихтиофауна әдетте молықтыру кезіндегі қолайсыз жағдайлардан болмайды, тұзы аз немесе тұщы көлдерде ихтиофауна қарапайым көлді-өзен түрлерімен ұсынылған: алабұға, торта балық, шортан балық, таутан балық және т.б., сонымен қатар жерсіндірілген түрлер – табан балық, тұқы балық, ақсаха балық.

Зеренді көлі. Зеренді тауларының солтүстік-шығыс беткейін бойлай орналасқан. Аборигенді ихтиофауна шортан балықтан, торта балықтан, тарақ балықтан, оңғақ балықтан, аққайраннан, алтын және боз мөңкеден, алабұғадан, таутаннан тұрады. 1958 жылдан көлге табан балық, көкшұбар балық, лудога ақсахасы, тұқы балық орналастырылды. Тұқы балық және ақсаха балықтарының аналық топтарын қалыптастырумен байланысты, көлде балық аулауға тиым салынды, тек ақсаха балықтарының балық өсіру мақсатында 2-3 апталық аулауынан басқа. Балық аулау нәтижесінде көлде аборигенді түрлермен, оның ішінде, торта балықтың көптеп болуы қалыптасты. 1990 жылдары уылдырықтану кезеңінде 30% ақсаха және 70 % жергілікті балық түрі ауланды.

Кәсіпшілік мақсаттағы аулаудың түр құрамы жағынан ең көп торта балық (73%), алабұға (14%) және ақсаха (3%). Қалған түрлері, соның ішінде тұқы балық  барлық аулаудың 10% құрайды. Нашар балық аулау торта балық және алабұғаның өсуінің төмендеуіне және ұсақталуына алып келеді.

Имантау, Шалқар, Белое, Лобаново, Байсары көлдері шағын топпен орналасқан,  оның орталығы Лобаново с. болып табылады.

Имантау көлі. Лобаново с. оңтүстік батысындағы 15 км жерден Имантау тауының солтүстік-шығысы аралығында орналасқан. Имантау көлінің ихтиофаунасы келесі аборигендермен ұсынылған: шортан, торта, тарақ балық, аққайран, оңғақ, пілмай, алабұға, таутан балық және көшірілгендер: табан балық және тұқы балық. Ең көп балық мөлшері Орал көлінен 1963 жылы әкелінген табан балық болып табылады.

Шалқар көлі. Лобаново с. солтүстігінің 8-10 км жерде орналасқан, оңтүстік-шығыс жағалауында Шалқар с. бар. Көлде бұрынғы жылдары алабұға және аққайран өмір сүрген. Алабұға балығы басымдылық танытты, өсуі жақсы. Қазіргі уақытта алабұға мен аққайраннан басқа көлде тұқы балық, мөңке балық, табан балық, лудога ақсахасы мекендейді, бірақ соның ішінде ең көбісі алабұға.