[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

«Желге қарсы» туристік соқпағы

 

     1.Соқпақ жібі: Кемпинг аймағы – «Жемчужина Имантау » демалыс базасы — «Коса» тамашалау алаңы-Кемпинг аймағы.

  1. Қашықтығы: екі жағына 16 км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы 4 сағат.
  2. Қозғалыс түрі: велосипедті
  3. Краткая характеристика (описание) тропы.

Соқпақ Арықбалық филиалының аумағы бойынша өтеді. Туристік соқпақтың маршруты кемпинг аймағынан басталады, велосипедисттер тобы Имантау көлінің жағалауы бойымен оңтүстік-батысқа бағыт алады.

Имантау көлі Айыртау ауданының ішіндегі ең ірі көлдердің бірі болып табылады, көлдің қазан шұңқыры шоқылардың арасынан төмен, солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа дейін созылыңқы келген. Көлдің ұзындығы 13,3 км құрайды, ең ұзын ені — 4,8 км,  максималды тереңдігі — 10,0 м, орташа тереңдігі — 5,7 м, жағалауының ұзындығы — 35,5 км. Көлдің биіктігі теңіз деңгейінен 323,6 м құрайды. Көлдің үсті түгел ашық.

Соқпақ орманды-белесті жерлер арқылы өтеді. Соқпақ бойынша қозғалғанда Имантау көлінің қайталанбас әсемдігін және көркем пейзажын тамашалауға болады.

Соқпақ  бойынша қозғалғанда  пішіні бойынша жүрек тәрізді болып көрінетін Имантау көлінің аралын көруге болады. Имантау көліндегі арал – республикалық маңызы бар табиғи ескерткіш,  оның көлемі 36 га құрайды.

Арал бұл жерлерде сирек кездесетін, оған ерекше түр беретін, арал жағалауында өсетін  казак арша бұталарымен жамылған. Жергілікті тұрғындар арасында арал «Казачий» деп аталады.

Имантау с. қарттарының айтуы бойынша 19 ғасырдың басында аралда бұрын Имантау, Веселое, Арықбалық станицалары казактарының жиылысы болатын.

Топ Имантау көлінің оңтүстік-батыс бағытында «Жемчужина Имантау» демалыс базасына дейін қозғалады.

Бұл жерде бейне түсірілімге немесе фотосуретке түсіруді ұйымдастыруға болатын ұзақ емес демалыс жасауға болады.

Соқпақ бойынша жүрген уақытта велосипедисттер тобы «Коса» тамашалау  алаңына түседі. Бұл жерде  қоршаған ортаның төңіректерін сүйсініп қарауға болады

Көлге қарай түсіп бара жатқанда, ұзақ уақытқа дейін демалыс ұйымдастырылады, бұл уақытта жағалауда күнге күйіп, шомылып, шаян мен балық аулауға болады.

Сосын топ соқпақ бойынша жүріп  Иманбурлук өзені құйылысына келеді. Бұл жерде демалып, фотосуретке түсіруді ұйымдастыруға болады. Содан соң топ солтүстік-батыс бағытында кемпинг аймағына оралады.