РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Жыланды шоқысы» туристік маршруты
- Маршрут жібі:«Сұңқар» СК — «Орманды бұлақ» қорғаны және қорымдары — «Қарсақ» археологиялық ескерткіші – «Өмір суы» сарқырамасы – «Айдаһар үңгірі» — Тамашалау алаңы «Вальер»- Аңшының қонақ үйі — «Сұңқар» сауықтыру кешені.
- Қозғалыс жасау түрі бойынша — аралас
- Қашықтығы: 83 км екі жаққа, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 28 сағат
- Маршруттың қысқаша сипаттамасы.
Маршрут «Орманды бұлақ» филиалының аумағында өтеді. Туристік маршруттың қозғалысы Зеренді филиалының аумағында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінен батысқа қарай тас жолдан басталады.
20 минуттық жолдан кейін маршрут «Орманды Бұлақ» қорғандары мен қорымдарына әкеледі. 2010 жылы археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде мал жайылымы мен егін шаруашылығына арналып жыртылған жерлерге жататын аумақта ғылыми тұрғыда қызығушылық танытатын біздің эрамыздан 2 мың жыл бұрынғы қола дәуіріне жататын, жоғары биік қыраттағы Қарсақ ауылынан оңтүстік шекараға қарай 4 шақырым жерде орналасқан «Орманды Бұлақ» ескерткіші табылды
Бірнеше минут өткеннен кейін топ қола дәуірінің «Қарсақ» қонысы мен зираттар археологиялық ескерткішінің жанында болады. «Қарсақ» қонысы Шағалалы өзенінің сол жақ жағасында 1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Бұл жерде орналасуы, формасы және өлшемі сан алуан 18 тұрғын ойпаттардан құрылған шағын топ анықталған.
«Қарсақ» тұрағы және зираттардан кейін қозғалыс оңтүстік бағытта тас жолмен «Өмір суы» сарқырамасына қарай жаяу жалғасады.
Бұл әдемі, таңғажайып жер итмұрын және шие бұталарымен жамылған жартастар арасында ағып өтетін Шағалалы өзенінде орналасқан. Сарқырама ағатын жерде өзеннің жағасы тік құламалы, биік және тасты болып келеді.Осында топ палаталық лагерь құрып түнеуге тоқтайды.
Келесі күні туристтер Үлгілі ауылына қарай далалы және орманды жолдармен жүреді. 1,5 сағат уақыттан соң топ шағын орманды алаңға демалу үшін тоқтайды.
Келесі демалу үшін аялдама қарағайлы орман арасындағы Жыланды шоқысының етегінде. Бұл жерде ағатын «Ясная падь» бұлағының таза суынан дәм тату үшін туристтер қысқа уақытқа тоқтайды.
Бұл жерде жыландар кездесетіндіктен шоқыны Жыланды деп атап кеткен.
Ары қарай қозғалыс оңтүстік бағытта Үлгілі ауылына қарай жалғасады. Топ бұл маршруттың бөлігін де жаяу өтеді.
Маршруттың соңғы нүктесі Үлгілі ауылына жақын жерде (ауылдан шығысқа қарай 1 км) Қауқарағай шоқысында орналасқан «Айдаһар» үңгірі. Үңгірдің ұзындығы Жыланды шоқысына қарай 2км-ге дейін жетеді (жергілікті тұрғындардың айтуынша) Қарт адамдардың айтуынша үңгірде төңкеріс кезінде Ақ және Қызыл әскердің кулактары мен сарбаздары кезек-кезек тығылған.
Үңгірдің атауы айдаһар туралы аңызға байланысты. Айдаһар тек қана жабайы аңдарға ғана емес, сонымен қатар үй жануарларына, жергілікті тұрғындарға қауіп төндірген. Суық түскенде айдаһар үңгірді паналап, жылыну үшін кірген кезде Кейкі батыр өзінің сарбаздарымен үлкен таспен үңгірдің аузын жауып тастайды
Бұл жерден туристтер «Сұңқар» СК автобуспен оралады
5.Маршруттың сызбасы.
6.Шартты белгілер.