[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
19.06.2025
Фукс саусақтамыры
Арықбалық филиалының Қарауылтөбе орманшылығында, 24-кварталдың 25-телімінде Фукс саусақтамыры өсетін ерекше жер табылды.
Фукс саусақтамыры (латынша атауы — Dactylorhiza fuchsii) — көпжылдық шөптесін өсімдік, орхидеялар тұқымдасына жатады. Бұл өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Шамамен 5 шаршы метр жерді алып жатқан бұл жерде 500-дей өсімдік өсіп тұр.
Осыған байланысты ғылым инспекторы Васькина В.С. бұл жерде фенологиялық бақылау жүргізу үшін арнайы алаң құрды.
