РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
2025 жылғы 8 шілдеде сағат 09:34-те орман өртін ерте анықтау жүйесінің көмегімен Қарауылтөбе
2025 жылғы 8 шілдеде сағат 09:34-те орман өртін ерте анықтау жүйесінің көмегімен Қарауылтөбе орманшылығының 4 орам, 13 телімінде («Көкшетау»МҰТП Арықбалық филиалы) өрт анықталды. Хабарландыру схемасына және күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес Айыртау ауданының Арықбалық филиалы, Қазавиақорғау, ТЖБ күштері жедел тартылды.
10:40-та өрт сөндіру басталды, 10:45-те өрт оқшауланды. Сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің орны шығуы қиын, таулы жерлерде (биіктігі 518 м). Орман өртін ерте анықтау жүйесінің көмегімен ерте және уақытылы анықталғандықтан, орман өртінің ауданы 0,012 га құрады. Себебі – найзағай разряды.
Өрт сөндіруге:
“Көкшетау» МҰТП Арықбалық филиалы: АЦ-1,6 – 40 -1 бірлік
2 МЛПК, моторлы қайық
Авиаорманқорғау: 1 бірлік
Айыртау ауданының ӨСБ: АЦ 3-40-1 бірлік.
Адамдар:
Орман күзеті-18 адам
Қазавиаорманқорғау-3 адам
Айыртау ТЖБ-3 адам қатысты.