[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

18.11.2025

Аң аулаушылыққа ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!!!

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардың қорғау аймақтарында аң аулаушылыққа тыйым салынғанын ескертеді. Жануарлар әлемін молықтыру және күзету саласындағы табиғат қорғау заңнама бұзушылығы үшін айыпты тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Әкімшілік кодексі бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулаушылық ережелерін және жануарлар әлемін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық заттарды және (немесе) қаруларды тәркілеумен жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салуына әкеп соқтырады.Егер жүз айлық есептік көрсеткіштен асып тұрған мөлшерінде залал келтірілсе, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады және үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұлмен не болмаса сол мөлшердегі түзету жұмыстарына не болмаса сегіз жүз сағат мерзімінде  қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса үш жылға дейін мерзімде бас бостандығын шектеу не болмаса мүлікті тәркілеумен сол мерзімдегі бас бостандығынан айыру арқылы жазаланатын болады.

Табиғатқа ұқыптылықпен қараңыздар және табиғат қорғау заңнамасын бұзуына жол бермеңіздер!