[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
10.04.2026
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі»
«Көкшетау» МҰТП мемлекеттік инспекторлары Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының 1-2 курс студенттеріне арналған дәріс өткізді. Кездесу барысында болашақ мамандар ұлттық парктің қызметі, оның ұлттық парктің табиғи экожүйелерін сақтаудағы рөлі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы толығырақ білу мүмкіндігін алды. Экологиялық ағарту жөніндегі инженер Айнұр Шарипова парктің міндеттері, оның табиғи ерекшеліктері, биоалуантүрлілігі және өткізілетін экологиялық іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Экологиялық мәдениет мәселелеріне және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Дәрістің маңызды бөлігі табиғи кешендерді қорғау және күзету жөніндегі бас инженер Мейірхан Ғабдуллиннің сөз сөйлеуі болды. Ол студенттерге орман өрттерінің пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы айтып, өртке қарсы өзекті тақырыпта әңгіме жүргізді. Ұлттық паркта қолданылатын заманауи технологиялар мен орман өрттерін ерте анықтау жүйесі де қамтылды.Студенттер ұсынылған материалға қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенді қатысты.






