[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

13.04.2026

«Көкшетау» МҰТП қызметіндегі ғылым

«Көкшетау» МҰТП қызметіндегі ғылым

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылым – табиғатты сақтау жолындағы күнделікті жұмыс. Осында үздіксіз «Табиғат жылнамасы» жүргізіледі: ауа райы жағдайлары, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер тіркеледі, ауаның, су мен топырақтың зерттеулері жүргізіліп, флора мен фаунаға жүйелі бақылаулар жасалады.
Ұлттық табиғи парктің құрылғанына отыз жыл толған шақта ауқымды ғылыми жұмыстар атқарылды: шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар, көлдердегі балдырлар және сирек кездесетін өсімдік түрлерінің флорасы зерттелді. Сонымен қатар жабайы тұяқты жануарлар, орнитофауна, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өкілі – орман сусары да ғылыми тұрғыдан сараланды. Орман алқаптарының фитопатологиялық жай-күйі мен оларды қорғау шараларына ерекше назар аударылады.
Ғылым және экологиялық мониторинг бөлімі ғылыми қызметті қарқынды дамытуда: ғылыми-техникалық кеңестердің отырыстарын, ғылыми семинарлар ұйымдастырады, қызметкерлер конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалар жариялайды. А.Н. Бөкейхан атындағы «ҚАЗОШАҒЗИ» ЖШС, «Ботаника және фитоинтродукция институты» филиалының Астана ботаникалық бағымен, Зоология институтымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен және А. Мырзахметов атындағы университетпен тығыз ынтымақтастық орнатылған.
Ғылым жөніндегі инспекторлар ағаш көшеттерін отырғызуға, «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын өткізуге белсене қатысып, оқушылар мен студенттермен бірлесіп жұмыс істейді.
Қазақстандағы Ғылым күніне орай барша әріптестерімізді – ЕҚТА қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Жұмыстарыңыз табысты болсын, өйткені біздің ортақ мақсатымыз бар – табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу. Эколог, Ғылым және экологиялық мониторинг бөлімінің ЕҚТА мемлекеттік инспекторы А.А.Хамитова.#Көкшетау #ЕҚТА #Ғылым #Экология #Табиғат жылнамасы #Табиғатты сақтау.