[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

12.05.2026

«Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, сондай-ақ оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу»

‼️Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, сондай-ақ оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу» туралы № 78 бұйрығына сәйкес Есіл бассейні бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде тыйым салу белгіленген:
1) Есіл бассейнінің барлық су айдындарында, сондай-ақ Астана қаласының, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекаралары аумағында – тиісті жылдың 10 сәуірінен 20 мамырын қоса алғандағы аралықта;
2) Есіл бассейнінің ащы-тұзды су айдындарында артемия цисталарын аулауға (ұстауға, жинауға, дайындауға) – тиісті жылдың 1 наурызынан 15 маусымын қоса алғандағы аралықта.
Осыған байланысты «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің барлық су айдындарында осы кезеңде су жануарларын аулауға тыйым салынғанын хабарлайды!