[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
18.05.2026
🌿 Визит-орталыққа экскурсия
📚 Зеренді ауылының мектеп оқушылары Визит-орталыққа танымдық экскурсия жасап қайтты. Оқушылар туған өлкенің табиғаты, жануарлар әлемі мен өсімдіктері туралы қызықты ақпараттар алып, экспозициялармен танысты.
✨ Экскурсия барысында балалар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, жаңа әсерге бөленді. Осындай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады.
😊 Экскурсия оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа білім және ұмытылмас әсер сыйлады!

