[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
18.05.2026
«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу»
2026 жылғы 13 мамырда Лобаново ауылындағы «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжінде Шалқар және Айыртау филиалдарының ғылым жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Б.К. Азбергенов, П.В. Паклин және орманшы-инспектор С.К. Есімжанов «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында «Экология» мамандығының 2-курс студенттерімен ұлттық табиғи парк аумағында ғылыми жұмыстарды жүргізу, сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді қорғау, тұяқты жануарлардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйесіне әсері, орман зиянкестері болып табылатын жәндіктермен күрес әдістері талқыланды.


