[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
26.05.2026
«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
26 мамыр күні А.Мырзахметов атындағы университетінде «Көкшетау» МҰТП ғылым және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тақырыбына семинар өткізді. Ғылыми семинарға оқытушылар С.М.Уразбаева, А.К.Умбетова, К.М.Магжанов және «Экология және тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау» білім бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты.Семинар барысында ғылым бөлімінің басшысы М.М.Тасбулатов және А.А.Хамитова 2021-2025 ж. өткізілген ғылыми зерттеулер, сондай-ақ жақындағы 5 жылда келешектері туралы айтып берді.Студенттер белсенді қатысып, оларды қызықтырған сұрақтар қойды


