[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
26.05.2026
«Парктер шеруі – 2026»
«Парктер шеруі – 2026» акциясы аясында ұлттық парк мамандары Шоқан Уәлиханов атындағы университет студенттеріне танымдық лекция өткізді.
Кездесу барысында ұлттық парктің табиғи байлығы, биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық санасын арттырып, табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.




