[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

26.05.2026

Жұпсыз жібекқұртына бақылаулар

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Зеренді филиалының мем.инспекторы орман күзету бөлімінің мемлекеттік инспекторларымен бірлесе жұпсыз жібекқұртына бақылаулар жүргізу үшін сынақ алаңдары салынды.Мониторингтік жұмыстарды шеңберінде зиянкестердің санына есеп, сүрек өсімдіктерінің зақымдалу деңгейін бағалау, осымен бірге паркінің аумағында жәндіктердің таралу ошақтарының ерекшеліктерін зерттеу жүргізіледі.Алынған нәтижелер орман экожүйелеріне қауіпті уақытылы анықтау және орман қорын қорғау және сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін пайдаланады. Аталған шаралар «Көкшетау» МҰТП барлық филиалдарында Ғылыми-зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіледі.