РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясының ресми жабылу салтанаты өтті
2026 жылғы 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай РММ «Көкшетау» МҰТП-да «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясының ресми жабылу салтанаты өтті.
Іс-шара аясында мектеп орманшылығының оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттауға және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін арттыруға бағытталған экологиялық ойын өткізілді.
Сонымен қатар акцияға қатысушылар 20 қарағай көшетін отырғызып, орман экожүйелерін сақтау мен қалпына келтіруге өз үлестерін қосты. Бұдан бөлек, Зеренді көлінің жағалауында тазалық акциясы ұйымдастырылып, аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні өткізілген бұл шаралар табиғи байлықтарымызды сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, жұртшылықтың қоршаған ортаны және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау мәселелеріне назарын аударуға ықпал етеді.
Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!