[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

12.06.2026

🔥🌿 Өрт қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

📚 Арықбалық филиалының Нижний Бурлук орманшылығының мемлекеттік инспекторлары ауылдық кітапханада ормандағы өрт қауіпсіздігі тақырыбында дәріс-сұхбат өткізді.

🔥 Кездесу барысында қатысушыларға орман және дала өрттерінің шығу себептері түсіндіріліп, өрт қаупі жоғары кезеңдегі қауіпсіздік ережелері еске салынды. Сондай-ақ орманға барғанда және табиғат аясында демалғанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі айтылды.

🚫 Ерекше назар белгіленбеген орындарда от жағуға тыйым салуға, құрғақ өсімдіктерді өртеуге жол бермеуге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға аударылды.

🌲🔥 Орман мен табиғатты өрттен қорғайық! 💚🌍