[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

15.06.2026

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарларды қорғау

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарларды қорғау мақсатында жемдік сыпыртқыларды дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Жаздың келуімен «Көкшетау» МҰТП бүкіл аумағында маусымдық биотехникалық шаралар басталды.

Осы кезеңдегі басты міндеттердің бірі – қысқа қарай жабайы тұяқты жануарларға арналған сапалы шыбықты жем (жемдік сыпыртқылар) дайындау.