РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Жұпсыз жібекқұртының (Lymantria dispar) санына мониторингі
«Көкшетау» МҰТП РММ мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Зеренді филиалы мен «Орманды Бұлақ» филиалы ғылыми бөлімінің мамандары «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Зеренді аудандық филиалының мамандарымен бірлесіп, жұпсыз жібекқұртының (Lymantria dispar) санына мониторингі бойынша іс-шаралары өткізілді.
Мониторинг «Көкшетау» МҰТП РММ 2026–2030 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) жоспарын орындау аясында жүргізіліп, зиянкес ошақтарын уақтылы анықтауға, оның санын бағалауға және ықтимал таралуын болжауға бағытталған.
Бірлескен жұмыстар барысында филиалдар аумағында бұрын жұпсыз жібекқұртының санын анықтау және бақылау үшін арналған феромонды тұзақтар орнатылған болатын.
Зерттеу қорытындысы бойынша феромонды тұзақтарда жұпсыз жібекқұрттың көбелектері жекелеген түрде анықталды, бұл бақылау кезеңінде тексерілген учаскелерде зиянкес санының төмен екенін көрсетеді.
