РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Орман өрті
2026 жылғы 21 шілде күні «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Орманды бұлақ» филиалының 30-орам, 4-телімінде 0,0004 гектар аумақта орман өрті анықталды. Өрттің шығу себебі — найзағайдың түсуі.
Өрт 16:50-де анықталды. Өртті сөндіру жұмыстары 17:14-те басталды. Өрт 17:16-да оқшауланып, 17:35-те толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіруге 15 адам жұмылдырылды, оның ішінде «Көкшетау» МҰТП-ның 12 қызметкері және «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның 3 қызметкері қатысты.
Өртті сөндіру жұмыстарына 5 бірлік техника тартылды, оның ішінде:
• өрт сөндіру автокөлігі – 1 бірлік;
• шағын орман өрт сөндіру кешені – 2 бірлік;
• патрульдік автокөлік – 1 бірлік;
• «Қазавиаорманқорғау» РМК техникасы – 1 бірлік.
Күштер мен құралдардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрт дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ.
