[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

22.09.2026

Фитосанитарлық мониторинг

«Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалы мен «ОрмандыБұлақ» филиалының ғылым жөніндегі ЕҚТА мемлекеттік инспекторлары «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Зеренді аудандық филиалының мамандарымен бірлесіп, орман екпелерін жұпсыз жібек көбелегінің жұмыртқалауына тексеру жүргізді.
Зерттеу барысында жаңа жұмыртқалар анықталды, бірақ олардың саны жеке, массалық емес. Мамандар зиянкестердің санын және оның одан әрі динамикасын бағалау үшін орман екпелерін бақылауды жалғастыруда.
Зерттеу нәтижелері ормандардың санитарлық жағдайын бағалау және екпелерді қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау кезінде ескерілетін болады.