[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
22.09.2026
🌿 WORLD CLEANUP DAY – ТАЗА ОРТА ҮШІН БІРГЕ!
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Арықбалық филиалының қызметкерлері World Cleanup Day халықаралық экологиялық акциясына қатысты.
Акция барысында табиғи аумақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
🌱 Табиғатты қорғау – ортақ міндет! Тазалықты сақтайық, табиғатты бірге қорғайық!