РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
2024 жылы 24 қыркүйекте құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Ж.О.Есеновамен және жануарлар әлемін күзету және молайту бөлімінің аңтанушысы Т.А.Коникпен «Көкшетау» МҰТП РММ филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша құқықтық жалпы оқыту және ӘҚБК туралы түсіндіруі өткізілді.
2024 жылғы 31 шілде күні “Көкшетау” МҰТП РММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу бойынша отырыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні “Көкшетау” МҰТП заңгері Гүлназ Какенова сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында ұлттық парктің ұжымына дәріс өткізді.
Жиын соңында адал қоғамды қалыптастыру әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігі ортаға салынып, қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері»пәні бойынша дәріс
2023 жылғы 26 қаңтар күні «Көкшетау» МҰТП РММ заңгері Гүлназ Жанибекқызы Какенова дирекция қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбында дәріс өткізіді. «Көкшетау» ұлттық паркінің бас директоры Е.Б.Сагдиев лекцияны қорытындылады.
«Көкшетау» МҰТП РММ қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексін басшылыққа ала отырып, құрамында жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің басшысы В. В. Егоров, кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Ф. Г. Ахметова және құқықтық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің заң кеңесшісі А. К. Мустафина жауапты лауазымды тұлғалар болып тағайындалды.
«БЕКІТЕМІН»
«Көкшетау» МҰТП РММ
Бас директоры
_________________Е.Б.Сагдиев
«20» қараша 2020 жыл
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дуниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
- Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) және Айыртау, Арықбалық, Шалқар, Зеренді және «Орманды бұлақ» филиалдары (бұдан әрі-филиалдар) қолданады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мекеме және аумақтық филиалдар қызметкерлерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы өздерінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру және өкілеттіктерін орындау кезіндегі іс-әрекеттерін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және болдырмау, мекеменің, филиалдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне құқықтық сауаттылықты және нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері Мекеме, филиалдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарларының алдын алу, мекеме, филиалдар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
1.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мекеменің, филиалдардың қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданылады;
1.2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мекеменің, филиалдардың барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті;
1.3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың тиісінше орындалмағаны үшін мекеме, филиал басшылары дербес жауапты болады;
1.4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі;
1.5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мекеме, филиалдар қызметкерлерінің қызмет саласына байланысты белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін анықтайды;
1.6. мекеме, филиалдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау мекеменің бас директорына, оның орынбасарларына және филиалдардың директорларына жүктеледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде мекеменің, филиалдардың қызметкерлері:
2.1. ҚР Конституциясын, заңдарын және кодекстерін, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрдің, жауапты хатшының, Комитет төрағасының бұйрықтарын, сондай-ақ Комитеттің, мекеменің, филиалдардың ережелерін басшылыққа алу;
2.2. Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;
2.3. адал, әділ, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық пен әдептілік таныту;
2.4. лауазымдық міндеттерге кіретін шешімдер қабылдау кезінде өз міндеттерін орындауға байланысты материалдық игіліктерді, көрсетілетін қызметтерді және өзге де артықшылықтарды қабылдамауға;
2.5. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
2.6. өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
2.7. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
2.8. шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
2.9. заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге;
2.10. мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік, азаматтық қызмет туралы заңнама талаптарының орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ азаматтық қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
2.11. ҚР заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауға;
2.12. өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
- Мемлекеттік қызметтерді және өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету кезінде мекеме, филиалдар:
3.1. тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауға;
3.2. заңнамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға толық және анық ақпарат ұсынуға;
3.3. мемлекеттік қызметтер көрсету және өзге де рұқсат беру функциялары барысында заңнамада көзделмеген құжаттарды, әртүрлі әуре-сарсаңға салуды (төрешілдікті) талап етуге жол бермеуге;
3.4. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген кезде басшылыққа баяндауға;
3.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұрақты жетілдіруді, үнемдеуді және тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мекеменің, филиалдардың қызметкерлері:
4.1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының нормаларын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа алуға;
4.2. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауға;
4.3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруге;
4.4. Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге;
4.5. сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге;
4.6. атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеуге тиіс.
- Мекеменің, филиалдардың қызметкерлері өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:
5.1. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке мүдделіліктің туындағаны туралы, Сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға көндіру туралы тікелей басшыға баяндауға;
5.2. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
5.3. әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға қызметтік өкілеттікті пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін сыйлықтар бермеу және қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;
5.4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға;
5.5. белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны немесе әуре-сарсаңға салғаны үшін қандай да бір пайда алуға итермелеу туралы басшылыққа дереу баяндауға және 1424 сенім телефоны бойынша хабарлауға;
5.6. орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күдік туғаны туралы тікелей басшыға жазбаша түрде дереу хабарлауға;
5.7. егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге қажет.
- Мекеменің, филиалдардың қызметкерлерін іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде:
6.1. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша барлық қажетті шаралар қабылдасын;
6.2. мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған кезде заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша толық шараларды уақтылы қабылдасын;
6.3. меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеуге, конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) бермеуге, жеке қатынастар қызмет бойынша жоғарылату үшін негіз болып табылмауға тиіс;
6.4. мекеме, филиалдар қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеу кезінде ақпарат пен материалдарды үшінші тарапқа бермесен;
6.5. мемлекеттік органның жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұрсын;
6.6. іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтасын.
- Мекеменің, филиалдардың қызметкерлері орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, іске асыру және бақылау функцияларын орындау кезінде:
7.1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерін сақтау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалану сапасын тұрақты негізде арттыру жөнінде шаралар қабылдасын;
7.2. бақылау-инспекциялық қызмет барысында заңнамада көзделмеген құжаттарды, әртүрлі әуре-сарсаңға салуды (төрешілдікті) талап етуге жол бермесін;
7.3. жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін уақытылы және сапалы қарау, сондай-ақ оларды тіркеу және заңда белгіленген мерзімде дәлелді жауап берсін.
7.4. бақылау іс-шараларын және шешім қабылдауды көздейтін өзге де іс-әрекеттерді жүргізу кезінде мәселелерді объективті және тек қана заңнамаға сәйкес қарасын;
7.5. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген кезде басшылыққа баяндасын;
7.6. мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдасын.