[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Көкшетау» МҰТП РММ бас директорының орынбасары Б.С.Маканов, сондай-ақ «Көкшетау» МҰТП РММ құқықтық жұмыс, кадр және ұйымдастыру жұмыстары, жануарлар әлемін күзету және молайту бөлімдерінің басшылары Ж.О.Есенова, Ф.Г.Ахметова және В.В.Егоров тарапынан Шалқар, Арықбалық, Зеренді, Орманды бұлақ және Айыртау филиалдарының ұжымдарында көшпелі кездесулер ұйымдастырылып, семинарлар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері түсіндірілді.

Филиал ұжымдарының назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асырудың маңыздылығына, мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметінде ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етуге аударылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған жалпы профилактикалық шаралар, мемлекеттік инспекторлар мен мекеме қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында жол беруге болмайтын құқық бұзушылықтар туралы мәселелер қозғалды.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мекеме басшылығы тарапынан тиісті жауаптар берілді.


26.02.2026 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ басшылығымен Арықбалық филиалына сапары жүзеге асырылды, бұнда келесі сұрақтар бойынша мәжіліс өткізілді – 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне мемлекеттік орман иеленушілерінің дайындығы бойынша міндеттер, филиалының тұрақты орман тұқымбағында отырғызу материалын өсіру, 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңінің қорытындылары талқыланды, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық көріністерін болдырмау сұрақтары қозғалды.

Мәжілісте филиал ұжымы 70 адамнан аса қатысып отырды.

Өткізілген іс-шара барысында филиал қызметкерлерімен сұрақтар қойылды, басшылық оларға жауаптар мен ұсыныстарын берді.


03.09.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері және мемлекеттік-азаматтық қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуы бойынша талаптарын түсіндіруімен қызметтік мәжіліс (нұсқаулық) өткізді.

Мәжілісте тағы бір рет  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» ҚР Заңының 12 б. бекітілген сыбайлас жемқорлық шектеулері  нұсқау берілді.

Осы ретте, барлық лауазымдық тұлғалармен және мемлекеттік функцияларды орындалуына құзыретті тұлғаларға теңестірілген қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнама талаптарын  қатаң сақталуына нұсқау берілді.


12.12.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ ғимаратында жануарлар әлемін күзету және молайту бөлімімен және  бас директордың орынбасары Б.С.Макановтың төрағалығымен филиалдардың мемлекеттік инспекторларымен жиналыс өткізілді, бұнда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнама нормаларын сақтай отырып рейдтік іс-шараларды өткізу мәселелерінен басқа инспекторлармен сыбайлас жемқорлық және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы нормативтік құқықтық актілерді сақтау мәселелері қозғалды.


28.11.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ ғимаратында ғылым және экологиялық мониторинг бөлімінің ұйымдастыруымен және бас директордың орынбасары Т.С.Мухамадиевтің төрағалығымен – ҚР заңнамасын сақтау маңыздылығы және жемқорлықтың жағымсыз салдары түсіндірілген халықаралық тәжірибесі және Қазақстанның мысалында ЕҚТА ғылыми қызметінде сыбайлас жемқорлыққа іс-әрекет бойынша филиалдардың мемлекеттік инспекторлар арасында оқыту семинары-жиналыс өткізілді.


31.10.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ құқықтық жұмыс бөлімімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнаманы сақтау тақырыбы бойынша мемлекеттік инспекторлар және қызметкерлер арасында семинарлар өткізу мақсатында бес филиалға сапары жүзеге асырылды.

03.09.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері және мемлекеттік-азаматтық қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуы бойынша талаптарын түсіндіруімен қызметтік мәжіліс (нұсқаулық) өткізді.

Мәжілісте тағы бір рет   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» ҚР Заңының 12 б. бекітілген сыбайлас жемқорлық шектеулері  нұсқау берілді.

Осы ретте, барлық лауазымдық тұлғалармен және мемлекеттік функцияларды орындалуына құзыретті тұлғаларға теңестірілген қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнама талаптарын  қатаң сақталуына нұсқау берілді.


28.08.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ бас директорының төрағалығымен «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бас маманы А.В.Красниковтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша мәжілісі өткізілді.
Мәжілістің күн тәртібі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмысын өткізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша шаралар туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасын зерделеу.

Мекеменің заңкеңесшісі 2025 жылғы 18және 19 маусым күндері барлық бес филиалға барып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуы тақырыбында дәрістер оқыды. Филиал қызметкерлерінің назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға аударды.


2025 жылы 20 наурыз Бас директор Ербол Болатұлы Сагдиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәжіліс өткізілді, мәжілісте «Көкшетау» МҰТП РММ қызметкерлері 2025 жылға жұмыс жоспарымен таныстырылды және құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Жанар Өмірзаққызы Есеновамен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы 410 -ЗРК Қазақстан Республикасының Заңы түсіндірілді.


2024 жылы 24 қыркүйекте құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Ж.О.Есеновамен және жануарлар әлемін күзету және молайту бөлімінің аңтанушысы Т.А.Коникпен «Көкшетау» МҰТП РММ  филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет  бойынша құқықтық жалпы оқыту және ӘҚБК туралы түсіндіруі өткізілді.


2024 жылғы 31 шілде күні “Көкшетау” МҰТП РММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу бойынша отырыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні “Көкшетау” МҰТП заңгері Гүлназ Какенова сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында ұлттық парктің ұжымына дәріс өткізді.

Жиын соңында адал қоғамды қалыптастыру әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігі ортаға салынып, қойылған бірқатар сауалдарға нақты  жауаптар берілді.

   


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері»пәні бойынша дәріс

2023 жылғы 26 қаңтар күні «Көкшетау» МҰТП РММ заңгері Гүлназ Жанибекқызы Какенова дирекция қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбында дәріс  өткізіді.  «Көкшетау» ұлттық паркінің бас директоры Е.Б.Сагдиев лекцияны қорытындылады.


«Көкшетау» МҰТП РММ қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексін басшылыққа ала отырып, құрамында жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің басшысы В. В. Егоров, кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Ф. Г. Ахметова және құқықтық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің заң кеңесшісі А. К. Мустафина  жауапты лауазымды тұлғалар болып тағайындалды.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ