РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Саңырауқұлақтар
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағы жеуге жарайтын әртүрлі саңырауқұлақтар қоры бар. Төменде бірнеше саңырауқұлақтар түрлерінің сипаттамасы келтірілген.
Ақ жаңбыр саңырауқұлақ – қарағайлы және аралас орманда өседі. Егер ол қарағай астында өссе – саңырауқұлақтың қалағының түсі – қою, қоңыр – сарғылт. Егер ол қайың астында өссе – қалпағы басқа түсті, сарғылт – қоңыр немесе сұр – қоңыр. Сабақ жағы қалын, сымбатты, жоғары жағында ақшыл тор. Қалпағы астында трубкалары бар. Жас саңырауқұлақта – ақ, жас еместе – сарғылт – жасыл. Ұлпасы тығыз, қанттай- ақ, ұнамды майлы, жанғақ иісі бар.
Қайыңқұлақ — (қайыңқұлақ, масаққұлақ, қара саңырауқұлақ). Қайың ормандарда өседі, батпақты жерлерде кездеседі. Қалпағы қолымен ұстағанда томпиған, кейде кішкене барқатты. Ол әртүрлі түсті болады: біресе сұрлау, біресе сарғылт – қоңыр, біресе қоңыр. Қалпағы астында трубка; ескі саңырауқұлақта олар сұр болады. Ақ сабағы қара қабыршықтармен жамылған. Бұл саңырауқұлақтың ұлпасы тығыз ақ, сындырғанда ақтығын жоғалтпайды.
Терекқұлақ – (красюк, қызылбас), қалпағы қызыл да, қызғылт сары да бола алады, сабағы таза ақ емес, ал қара қабыршықтары бар.
Майқұлақ – (майқұлақ, масляк, сарықұлақ). «Жамылғы» – бұл ақшыл – сарғылт жамылғы, ол жас саңырауқұлақ қалпағының шетін сабағымен қосады. Саңырауқұлақ өскенде жамылғы үзіледі, сабағы бойы ілініп сақиналы болады – жағасы секілді. Бұл жамылғы саңырауқұлақта қалпағының астында трубкалар жақсы көрінеді, ал сары сабағында сақина астында – ақшыл нүктелер. Жаңбыр көп болса – саңырауқұлақтың қалпағы тайғанақ болады. Жақсы ауа-райында ол құрғақ, жылтыр, жібектей. Қабығы жамылғыдан жақсы бөлінеді. Қарағай және шырша ормандарда бұл саңырауқұлақтар үлкен жанұялармен өседі.
Мүкқұлақ — қарағайлы және аралас ормандарда өседі. Олардың барқатты, қоңыр, немесе қоңыр – сарғылт, немесе сарғылт қалпағы бар. Қалпағы көбінесе құрғақ, кейде тағанақ болады.
Қозықұйрық – далада, жайылымда, бақтарда өседі. Оны жасанды түрде өсіруге болады (жылы жайларда). Саңырауқұлақтың ұлпасы ақ, сынған жерде қызғылт, күшті сыңырауқұлақ иісті.
Жиренқұлақ – қарағайлы орманда өседі. Қарағай астында өскен саңырауқұлақтың ашық қызғылт сары – қабық түсті жамылғысы бар, шырша астындаөссе қалпағы жасылдау – көк, қызғылт сары сызықтармен. Саңырауқұлақ шырыны шайыр дәмімен. Жалған жиренқұлақтар да кездеседі, егер шын жиренқұлақты кескенде қызғылт сары шырын шықса, онда жалғанда қызыл қан түсті болады.
Қарағайқұлақ – қарағайлы және жапырақты орманда өседі. Ол жапырақ астында жасырынды. Үстіңен астына дейін ол ақ. Сынған немесе кескен жерде шырыны ақ, сүттей, дәмі – қышқыл. Кейде кіші қарағайқұлақтар кездеседі (скрипица, сүттіген, поскребыш).
Аққұлақ – барлық жерде өседі: қарағайлы және аралас орманда, көбінесе дымқыл, батпақ жерлерде. Түрімен ол қатпаршаққа ұқсайды, бірақ түсімен және мөлшерімен ерекшеленеді. Мұндай атауды ол өзінің ақ қалпағы үшін алды. Рас, кейде онда сарғылт – қызыл дақтар бар.
Қатпаршақ – ашық қарағайлы алаңқайларды жақсы көреді. Түрімен ол жиренқұлаққа ұқсас. Саңырауқұлақ тайғанақ, бірақ ашық және әдемі: қызғылт толқындар оның сарғылт қалпағымен таралады. Сабағы қысқа және қалын. Ұлпасы жұмсақ, сынғыш, ақ немесе қызғылт, шырыны ақ.
Түлкішек – қарағайлы және жапырақты орманда топпен кездеседі. Барлық саңырауқұлақ қалпағынан сабағына дейін сары. Ұлпасы оның тығыз, сары – ақ.
Сазқатпа – барлық жерде өседі. Ол барлық саңырауқұлақтарға қарағанда ашық өседі. Ол өзінің әдемі қалпағымен көзге түседі. Ол жасыл, қызыл күрең, ақшыл көк бола алады. Сонымен бұл саңырақұлақтың пластинасы ақшыл және нәзік.
Томарқұлақ – жазғы және күзгі болады. Біріншісі орманда түбірде маусым айынан қазан айына кездеседі, екіншісі сондай-ақ түбірде, тірі ағаштарда, қарағай бұтақтарының қасында және жапырақты ағаштарда, сондай-ақ ағаш тамырында өседі. Томақұлақтың қалпағы сарғылт – қоңыр, қатпарлы, қара қабыршықтарымен. Жас саңырауқұлақтардың пластинкасы – ақ, ескілердің – сарғылт. Үлкен саңырауқұлақтардың сабағы – ақшыл – сұр, талшықты, ақ сақиналы – жағымен. Жазғы томарқұлақтарда қалпағы шатырша келген, қызғылт сары – қоңыр, тегіс, айқын. Сабағының іші бос, қоңыр, қабыршықты, сақинамен белденген. Бұл саңырауқұлақтар маусымда шығады, сондықтанда ол жазғы деп аталады.
Қабанқұлақ – жапырақты және қарағайлы орманда және орман шетінде өседі. Саңырауқұлақта қоңыр барқытты қалпағы бар, ішке бүгілген киіз шетімен, сабағы оның тапал. Саңырауқұлақтың ұлпасы жұмсақ, шырыны аз.